Сақтанушының өтініші

сақтандыру келісімшарты жасалғанға дейін, атап айтқанда сақтандырушы тәуекелге кіргенге дейін, сақтанушы оған материалдық сипаттағы барлық факторлар немесе сақтанушының қызметіне байланысты белгілі болған және белгілі болуы тиіс, сондай-ақ сақтандырушының сақтандыруға қабылдау немесе тәуекелден бас тарту туралы шешім қабылдауына әсер ететін, сыйлықақының адекватты мөлшерлемесін белгілеуге болатын және т.с.с. мән-жайлар туралы өтініш беруге міндетті. Егер сақтанушы олай жасамаса, сақтандырушы онымен сақтандыру келісімшартын жасаудан бас тартуға құқылы. Сонымен қатар, жалпыға белгілі болғандықтан сақтандырушыға да белгілі деп болжам жасауға болатын, немесе сақтандырушы өзінің қызмет түріне байланысты білуі тиіс фактілерге қатысты өтініш жасауды сақтандырушы талап етпейді, ал сақтаншы ондай өтінішті жасауға міндетті емес.