Тәуекел сыйлықақысы

сақтандыру ісінде сыйлықақыны екі бөлімге бөлу қабылданған. Негізгі бөлімі сақтандыру өтемақысының сомасын төлеу үшін қажет қор құру мақсатына арналған, сақтандыру компаниясының тәуекелімен байланысты және «тәуекел сыйлықақысы» деп аталады. Тәуекел сыйлықақысына үстеме ақы төтенше залалдар мен істі жүргізуге кететін шығындарды өтеу жағдайына резерв құруға пайдаланылады.