Мүдденің шынайы құнынан төмен мөлшерде сақтандыру. Егер сақтандыру полисі тәуекелдегі мүдденің шынайы құнынан төмен сомада берілген болса, тәуекел толық сақтандырылмаған болып саналады. Мұндай жағдайда сақтандыру сомасы мен мүдде оның шынайы құнына қарай сақтандырылған болуы тиіс полис бойынша соманың арасындағы айырмашылық сомасы сақтанушының жауапкершілігінде болады.