Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (КҚИ АҚЖМС) ҚР «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Көлік құралы иесінің көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімшарты болмаған жағдайда оны пайдалануға тыйым салынады.

Сақтандыру жағдайлары

Сақтандыру жағдайы деп сақтандырылған тұлға көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімшартында көрсетілген көлік құралын пайдалану нәтижесінде жәбірленуші деп танылған тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандырылған тұлғаның азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған факті танылады.

Сақтандыру сыйлықақысы

Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері төменде көрсетілген жағдайларға қарай, ҚР «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңына сәйкес тұлғалар үшін Заңмен белгіленген коэффициенттер қолданылатын 1,9 АЕК мөлшерінде белгіленген негізгі сыйлықақы негізінде есептеледі:

  1. көлік құралын тіркеу орны;
  2. көлік құралының түрі;
  3. сақтанушының (сақтандырылған тұлғаның) жасы және жүргізу өтілі,
  4. көлік құралын пайдалану мерзімі;
  5. Азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылған («бонус-малус» жүйесі) тұлғалардың кінәсі бойынша сақтандыру жағдайлары болу немесе болмау: Бонус-малус — сақтанушыға (сақтандырылған тұлғаға) соның кінәсінен сақтандыру жағдайларының болуына немесе болмауына қарай, сол жүйе бойынша тиісті сыныпты белгілеп, асырылатын немесе төмендетілетін коэффициенттерді қолдану арқылы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімшарты бойынша төленетін сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін есептеу кезінде пайдаланылатын жеңілдіктер мен үстемеақылар жүйесі.

Сақтандыру мерзімі аяқталғаннан кейін тиісті сыныпты белгілеп төленетін «бонус-малус» жүйесі бойынша коэффициенттер:

Сақтандыру мерзімі басындағы сыныбы Коэффициент мөлшері Сақтанушының (сақтандырылған тұлғаның) кінәсінен сақтандыру жағдайының болуын есепке алғанда сақтандыру мерзімі аяқталғандағы сыныбы
сақтандыружағдайы 0 сақтандыру жағдайы 1 сақтандыру жағдайы 2 сақтандыру жағдайы 3 сақтандыру жағдайы 4 және одан көп
1 2 3 4 5 6 7
М сыныбы 2,45 0 М М М М
0-ші сынып 2,30 1 М М М М
1-ші сынып 1,55 2 М М М М
2-ші сынып 1,40 3 1 М М М
3-ші сынып 1,00 4 1 М М М
4-ші сынып 0,95 5 2 1 М М
5-ші сынып 0,90 6 3 1 М М
6-шы сынып 0,85 7 4 2 М М
7-ші сынып 0,80 8 4 2 М М
8-ші сынып 0,75 9 5 2 М М
9-шы сынып 0,70 10 5 2 1 М
10-шы сынып 0,65 11 6 3 1 М
11-ші сынып 0,60 12 6 3 1 М
12-ші сынып 0,55 13 6 3 1 М
13-ші сынып 0,50 13 7 3 1 М

Сақтандыру мерзімі — 12 ай (көлікті маусымдық пайдалануды немесе Қазақстанға уақытша кіруді қоспағанда). Келісімшарт алғашқы сақтандыру жағдайына дейін әрекет етеді.

Сақтандыру төлемдері бір көлікке зиян келтірген жағдайда 600 АЕК-ке дейін болуы тиіс, егер бірнеше автомобильге зиян тисе — 2000 АЕК-ке дейін, бірақ әр жәбірленушіге 600 АЕК-тен аспайды. Егер жол апаты кезінде үшінші тұлғалардың денсаулығына және/немесе өміріне залал келсе, төлем әр жәбірленушіге 1 000 АЕК-ке дейін болады.

Сақтандырушы сақтандыру төлемдерін барлық қажет құжаттарды алған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде төлейді.

Сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін калькуляторды пайдалануыңызға болады.

Related Posts
Leave a Reply

Your email address will not be published.Required fields are marked *