Кәсіби жауапкершілікті сақтандыру

Сақтанушы (Сақтандырылған тұлға) жүзеге асырған кәсіби қызметінің нәтижесінде үшінші тұлғаның өміріне, денсаулығына және/немесе мүлкіне келтірген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген өтеу міндетіне байланысты Сақтанушының (Сақтандырылған тұлғаның) мүліктік мүддесі – сақтандыру объекті болып табылады.

Сақтанушыға төменде көрсетілген жағдайларда жауапкершілік артылады:

  1. егер жәбірленушінің өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген зиян Сақтанушының (Сақтандырылған тұлғаның) Сақтандыру келісімшартында көрсетілген кәсіби қызметін атқаруға тікелей байланысты болса;
  2. жәбірленушіге зиян келтіруге әкеп соқтырған сақтандыру жағдайы сақтандыру аумағының шегінде және Сақтандыру келісімшартының қолданысы кезеңінде орын алған болса.

Сақтанушы (Сақтандырылған тұлға) арнайы рұқсатнаманың (лицензия, патент және т.с.с.) негізінде жүзеге асырып жатқан және/немесе арнаулы білімді және/немесе біліктілікті талап ететін кәсіби қызметтің барысында немесе нәтижесінде жаңылыс әрекеттердің (әрекетсіздіктің) және/немесе олқылықтардың салдарынан үшінші тұлғаларға зиян келтіруге байланысты залалды ішінара немесе толығымен өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемдерін төлеуді қарастыратын кәсіби жауапкершілігін сақтандыру – Келісімшарттың мәні болып табылады.

Кәсіби қызмет көрсету (жұмыс атқару) үшін кәсіби жауапкершілігін сақтандыру – белгіленген мамандықтарға қатысты қамтамасыз етіледі: сәулетшілер, медицина қызметкерлері, адвокаттар, заңгерлер, жеке сот орындаушылары, күзетшілер, сақтандыру және биржа брокерлері, кеден өкілдері және т.б.

Егер Сақтанушы (Сақтандырылған тұлға) атқарған жұмыстар, көрсеткен қызметтер және т.с.с. оның негізгі қызметі болып табылмаса немесе тікелей соған қатысты болмаса, сол қызметтердің нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіргені үшін оның жауапкершілігіне байланысты  мүліктік мүдделері – сақтандыру объекті болып табылмайды.

Сақтандыру сомасы

Сақтандыру сомасы Тараптардың келісімімен белгіленеді және Сақтандыру келісімшарты бойынша Сақтандырушының жауапкершілігінің шекті көлемін білдіреді. Бұл ретте Сақтандыру келісімшартының шарттарымен төменде көрсетілгендер қарастырылуы мүмкін:

  1. жауапкершіліктің жиынтық шекті көлемі (жалпы сақтандыру сомасы) – мұндай жағдайда Сақтандыру келісімшартының бүкіл қолданыс кезеңіндегі барлық сақтандыру жағдайлары бойынша барлық сақтандыру төлемдерінің сомасы осы көлемнен аспауы тиіс;
  2. жәбірленушілердің санына қарамай, бір немесе бірнеше сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершілігінің шекті лимиті (сублимит);
  3. жәбірленушілердің санына қарамай сақтандырумен өтелетін бір немесе бірнеше сақтандыру тәуекелі бойынша жауапкершілігінің шекті лимиті (сублимит);
  4. Сақтандыру келісімшартында Сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін жауапкершілігінің басқа лимит түрлері (сублимиттер) қолданылуы мүмкін.

Сақтандыру келісімшартын жасау кезінде франшиза белгіленеді, оның мөлшері мен түрі Сақтандыру келісімшартында белгіленеді. Франшиза (шартсыз және шартты) Тараптардың келісімі бойынша не сақтандыру сомасына есептегендегі пайызбен, не абсолютті мөлшерде белгіленеді.

Франшиза Сақтандыру келісімшартында қарастырылған өтелетін залалдардың барлық түрлері немесе жекелеген түрлері үшін белгіленуі мүмкін.

Сақтандыру сыйлықақысы

Сақтандыру келісімшарты бойынша төленуі тиіс сақтандыру сыйлықақысының мөлшері сақтандыру объекті мен сақтандыру тәуекелінің сипатын есепке ала отырып, сақтандыру сомасынан ұсталатын сақтандыру сыйлықақысының мөлшерлемесін айқындайтын сақтандыру тарифтеріне сәйкес есептеледі. Сақтандыру сыйлықақыларын төлеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен жүзеге асырылады.

Төленуі тиіс сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін айқындау кезінде Сақтандырушы тәуекелдер факторына: қызмет түрі, өндірістік жабдықтың түрі, маманның біліктілігі және т.с.с.  қарай айқындалатын базалық сақтандыру тарифтеріне есептелетін артатын және төмендейтін коэффициенттерді пайдалануға құқылы.

Сақтандыру жағдайы

Сақтанушының үшінші тұлғаның өміріне, денсаулығына және/немесе мүлкіне  келген зиянды өтеу бойынша кәсіби жауапкершілігін белгілеу факті және Сақтанушының заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жүзеге асырған қызметінің немесе Сақтандырушының жазбаша келісімімен Сақтанушының өз кінәсін ерікті түрде мойындауының нәтижесінде жәбірленушінің мүліктік мүддесіне келтірген зиянды өтеу міндеті – сақтандыру жағдайы болып табылады.

Кәсіби жауапкершілігін сақтандыру келісімшарты бойынша Сақтанушының қызметтік міндеттерін орындау барысында орын алған абайсыз және байқаусыз әрекеттерінің нәтижесінде келтірген материалдық залалды клиенттерге (пациенттерге және т.с.с.) өтеу қарастырылады.

Сақтанушының кәсіби жауапкершілігін сақтандыру келісімшарты бойынша  келісімшарттардан (өзарашарттардан) туындайтын міндеттемелері бойынша Сақтанушының азаматтық Келісімшарт бойынша кәсіби міндеттемелерін орындамауынан (лайықты орындамауынан) келтірген зиян үшін залалды өтеу қарастырылады.

Сақтанушының міндеттемелерін орындамауына (лайықты орындамауына) әкеп соқтырған оқиғалар мен соған байланысты орындалмаған міндеттемелерінің көлемінде тиесілі төлемдерді (алымдарды, баждарды) төлеу міндеті –   Мемлекеттік (кеден, салық және т.б.) органдар алдындағы жауапкершілігін сақтандыру келісімшарты бойынша сақтандыру жағдайы болып табылады.

Сақтанушының жәбірленушіге зиян келтіруінің салдарынан кәсіби міндеттемелері бойынша кәсіби жауапкершілігінің басталу факті төменде көрсетілген жағдайларда сақтандыру жағдайы болып танылады:

  1. жәбірленушілерге келтірілген зиян алғаш рет Сақтандыру келісімшартының қолданысы кезеңінде анықталған және сондай кінәратты білдіру туралы Сақтанушы Сақтандырушыға осындай зиян келтіру факті белгілі болған сәттен бастап 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей, бірақ бәрібір Сақтандыру келісімшарты бойынша талап-арыз беру мерзімінің шегінде хабарлаған;
  2. кәсіби қателік пен зиян келтіру фактінің тікелей себеп-салдарлық байланысы бар;
  3. осы оқиғамен келтірілген зиянды өтеу туралы талаптар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының нормаларына сәйкес және солардың негізінде білдірілген;
  4. зиян Сақтанушының Сақтандыру келісімшартында көрсетілген кәсіби қызметін жүзеге асыруға тікелей байланысты келтірілген;
  5. Сақтанушының кәсіби қызметі қажетті лицензиялардың, рұқсатнамалардың болғаны кезде, сонымен қатар біліктілік талаптарын сақтаған кезде жүзеге асырылған;
  6. зиян Сақтанушы кәсіби қызмет көрсету кезінде орын алған қателіктерге және/немесе олқылықтарға байланысты келтірілген.

Сақтандыру өтемі тек қана мүліктік зиян үшін кәсіби жауапкершілікке қолданылады және моральдық зиян үшін жауапкершілікті өтемейді. Сақтандыру жағдайының басталу фактін, сонымен қатар сол сақтандыру жағдайы келтірген залалдарды дәлелдеу міндеті Сақтанушыға жүктеледі.

Related Posts
Leave a Reply

Your email address will not be published.Required fields are marked *