Мүліктік сақтандыру
Мүлікті залалдан сақтандыру
Кәсіпорынның мүлкін сақтандыру (жылжымайтын мүлік, айналымдағы және қоймадағы тауарлар, жылжымалы мүлік және т.б.) — бұл қолайсыз оқиғалар туындаған жағдайда кәсіпорынның тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік беретін сенімді қаржылық құрал, іс жүзінде бұл кәсіпорынның сәтті дамуының кепілі.
Мүлікті залалдан ерікті сақтандыру шартта айқындалған оқиғаның немесе оқиғалардың (сақтандырылған тәуекелдердің) туындауы нәтижесінде сақтандырылған мүліктің жойылуы, бүлінуі немесе жоғалуы салдарынан сақтанушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейді.
Сақтандыру сомасы
Сақтандыру сомасының мөлшері Тараптардың келісімі бойынша сақтандыру Шартында белгіленеді, бірақ сақтандыру шартын жасасу сәтінде мүліктің нақты құнынан аспауға тиіс. Мүлік иесінің мүліктік мүдделері сақтандыру сомасын белгілеу үшін айқындаушы болып табылады.
Мүлік толық құнымен де, Сақтандырушының жауапкершілігінің шегі болып табылатын шектеулі сомамен де сақтандырылуы мүмкін.
Сақтандыру тәуекелдері
Мынадай оқиғалардың (жиынтық немесе олардың кез келген үйлесім бойынша) нәтижесінде болған мүліктің жоғалуы, жойылуы немесе бұзылуы сақтандыру жағдайы деп танылады:
- өрт, найзағайдың түсуі, жарылыс;
- дүлей апаттар: су тасқыны, жер сілкінісі, жанартаудың атқылауы, жер асты өртінің әсері, топырақтың отыруы, көшкін, тау опырылуы, тас құлауы, қар массасының қысымы, көшкіннің жүруі, дауыл (боран), құйын, смерч, сел ағындарының көшуі, жер асты суларының әсері;
- құбырлардың жарылуынан туындаған су құбыры, кәріз, жылыту жүйелерінен су басу;
- көлік құралының соқтығысуы;
- ағаштардың құлауы;
- үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері: ұрлық, тонау, қарақшылық, үшінші тұлғалардың мүлікті қасақана жоюы (бүлдіруі), бұзақылық;
- басқарылатын ұшу аппараттарының, олардың сынықтары немесе олардан алынған заттар мен жүктердің сақтандырылған мүлікке құлауы.
Тараптардың келісімі бойынша шарт жабдықтың бұзылу (ақау) қаупімен толықтырылуы мүмкін.
“Жабдықтың сынуы (ақауы)” қаупі бойынша сақтандыру өтемі нәтижесінде сақтандырылған машиналар мен жабдықтардың (немесе олардың бөліктерінің) жойылуына немесе бүлінуіне әкеп соққан сақтандыру жағдайларына қолданылады:
- электр тогының қысқа тұйықталуы, электр желісінің шамадан тыс жүктелуі, кернеудің төмендеуі, атмосфералық разряд түріндегі электр энергиясының әсері;
- гидравликалық соққы;
- бу қазандықтарының, ішкі жану қозғалтқыштарының, басқа энергия көздерінің жарылуы;
- төмен температураның әсері;
- кабельдер мен шынжырлардың үзілуі, сақтандырылған заттардың құлауы, олардың басқа заттарға соғылуы және авариялық сипаттағы өзге де себептер.
Сақтандыру сыйақысы
Сақтандыру сыйақысының мөлшері сақтандыру сомасының және тарифтік мөлшерлеменің мөлшеріне қарай айқындалады. Сақтандыру сыйақысының мөлшері сақтандыру объектісіне және сақтандыру тәуекелінің сипатына байланысты.
Жылжымайтын мүлікті сақтандыру бойынша тарифтік мөлшерлемелер
Тәуекел тобының (түрінің) атауы | Ең төмен тарифтікмөлшерлеме, % | Базалық тарифтікмөлшерлеме, % | Ең жоғары тарифтікмөлшерлеме, % |
Жылжымайтын мүлік (толық пакет) | 0,024 | 0,159 | 8,089 |
өрт, найзағай түсу, жарылыс | 0,010 | 0,068 | 3,478 |
дүлей апаттар | 0,005 | 0,030 | 1,537 |
су басу | 0,003 | 0,021 | 1,052 |
көлік құралының басып кетуі | 0,001 | 0,006 | 0,324 |
ағаштардың құлауы | 0,001 | 0,006 | 0,324 |
үшінші тұлғалардың заңға қайшы әрекеттері | 0,003 | 0,022 | 1,132 |
сақтандырылған мүлікке басқарылатын ұшу апараттарының құлауы | 0,001 | 0,005 | 0,243 |
Жылжымалы мүлікті сақтандыру бойынша тарифтік мөлшерлемелер
Тәуекел тобының (түрінің) атауы | Ең төмен тарифтікмөлшерлеме, % | Базалық тарифтікмөлшерлеме, % | Ең жоғары тарифтікмөлшерлеме, % |
Жылжымайтын мүліктен басқа мүлікті сақтандыру (толық пакет) | 0,050 | 0,180 | 18,0 |
өрт, найзағай түсу, жарылыс | 0,022 | 0,077 | 7,740 |
дүлей апаттар | 0,010 | 0,034 | 3,420 |
су басу | 0,007 | 0,024 | 2,340 |
көлік құралының басып кетуі | 0,002 | 0,007 | 0,720 |
ағаштардың құлауы | 0,002 | 0,007 | 0,720 |
үшінші тұлғалардың заңға қайшы әрекеттері | 0,007 | 0,025 | 2,520 |
сақтандырылған мүлікке басқарылатын ұшу апараттарының құлауы | 0,001 | 0,005 | 0,540 |
Машиналар мен жабдықтарды сақтандыру бойынша тарифтік мөлшерлемелер
«Бұзылу» тәуекелі
Тәуекел тобының (түрінің) атауы | Ең төмен тарифтікмөлшерлеме, % | Базалық тарифтікмөлшерлеме, % | Ең жоғары тарифтікмөлшерлеме, % |
машиналар мен жабдықтарды бұзылудан сақтандыру | 0,050 | 0,180 | 18,000 |
Франшиза
Сақтандыру шартында франшиза көзделуі мүмкін, оның түрі мен мөлшері Тараптардың келісімімен айқындалады және сақтандыру сомасының пайызымен не абсолютті мөлшерде белгіленеді.