Жылжымайтын мүлік иесінің (бұдан әрі – Сақтанушы) сақтандыру келісімшартында көрсетілген жылжымайтын мүлікке иелік етуге, пайдалануына, билік етуге, сондай-ақ Бағдарламада айтылған сақтандыру жағдайы басталған кезде туындауы мүмкін күтілмеген шығындарға байланысты мүліктік мүдделері – сақтандыру нысаны болып табылады.
Бағдарламада айтылған сақтандыру жағдайы басталған кезде зиян келген жеке тұлғаларға тиесілі жылжымайтын мүлікті (қабырғалар, төбе, терезелер, есіктер, үй-жайдың ішкі өңделімі, едендер) сақтандыру – келісімшарттың мәні болып табылады.
Сақтандыруға қабылданбайды:
- тұрғын үй қорынан шығарылған жылжымайтын мүлік (жапсарлай салынған үй-жай, аула шеңберіндегі жекелеген үйлер, жылжымалы модульдер және т.б.);
- тұрғындар уақытша пайдаланатын жылжымайтын мүлік;
- пайдалану мерзімі 30 жылдан асқан қаңқалы-қамыс, балшықтан құйылған кірпішті, ескі үйлер.
Осы бағдарламаның шарттарына сәйкес сақтандыру аумағының шеңберінде орналасқан кез келген жылжымалы мүлік сақтандыру заты болып табылмайды.
САҚТАНДЫРУ СОМАСЫ, САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫ
Осы Бағдарламаның шарттарына сәйкес келісімшарт бойынша сақтандыру сомасы 300 000 (Үш жүз мың) теңге мөлшерінде белгіленеді.
Сақтандыру сыйлықақысы 3 000,0 (Үш мың) теңге мөлшерінде белгіленеді. Сақтандыру сыйлықақысы сақтандыру келісімшартын жасау сәтінде біржолғы төлеммен, қолма-қол ақшамен төленеді.
САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ
Сақтандырылған жылжымайтын мүліктің келісімшартта белгіленген оқиғалардың немесе оқиғалар жиынтығының (сақтандырылған тәуекелдердің) басталуының нәтижесінде бұзылуы немесе жоғалуы, шекаралас аумақта тұратын үшінші тұлғалардың (бұдан әрі мәтін бойынша – көршілер) келтірген зиянды қоса – осы Бағдарламаға сәйкес сақтандыру жағдайы деп танылады.
Сақтандырылған жылжымайтын мүліктің төменде көрсетілген оқиғалардың нәтижесінде бұзылуы немесе жойылуы осы Бағдарлама бойынша сақтандыру жағдайы болып табылады:
- өрт, жарылыс, тұрмыстық мақсаттарда қолданылатын газдың жарылысы;
- жер сілкінісі;
- дүлей апаттар;
- өрт сөндіру немесе өрттің таралуын болдырмау кезінде әрі сақтандрылған жылжымайтын мүлікті, әрі шекаралас үй-жайларды құтқару үшін қолданылған шаралардың салдарынан келген залал;
- Су құбыры, сплинтер, кәріз және жылыту жүйелерінің апатынан су басу, көрші үй-жайлардан аққан судың өтуі.