«Виктория» Сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамы

«Виктория» Сақтандыру компаниясы Қазақстанда 1993 жылдан бері халыққа сақтандыру қызметтерін ұсынып келеді. Компанияның ағымдағы лицензиясы ерікті сақтандырудың 17 түрі бойынша және міндетті сақтандырудың 5 түрі бойынша сақтандыру және қайта сақтандыру қызметін атқаруға құқық береді. «Виктория» СК мүліктік сақтандыру компаниялар (non-life) санатына жатады.

Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік. 4836-1910-АО от 06.05.2005, г Алматы, БСН  930640000193. «Виктория» сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы

«Виктория» Сақтандыру компаниясы» АҚ «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның лизинг алушыларының (сақтандырушыларының) мүліктік мүддесін сақтандыру бойынша пулға қатысушы болып табылады.

«Виктория» Сақтандыру компаниясы Қазақстанда 1993 жылдан бері халыққа сақтандыру қызметтерін ұсынып келеді. Компанияның ағымдағы лицензиясы ерікті сақтандырудың 17 түрі бойынша және міндетті сақтандырудың 5 түрі бойынша сақтандыру және қайта сақтандыру қызметін атқаруға құқық береді. «Виктория» СК мүліктік сақтандыру компаниялар (non-life) санатына жатады. «Виктория» Сақтандыру компаниясы» АҚ «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның лизинг алушыларының (сақтандырушыларының) мүліктік мүддесін сақтандыру бойынша пулға қатысушы болып табылады.

Құндылықтар

Сенімділік: «Виктория» Сақтандыру компаниясы сақтандыру саласында 1993 жылдан бері жұмыс атқарып келеді. Өз қызметін атқару барысында компания сақтандыру нарығында динамикалық өсуді қамтамасыз етті және өз жайғасымын нығайтты. Бұл компания Қазақстан Республикасы заңнамаларының қаржылық тұрақтылық, бағдарламалық, ақпараттық-техникалық қамтамасыз етуге қатысты барлық талаптарына сай келеді.

Сапа: «Виктория» Сақтандыру компаниясында енгізілген ISO 9001:2016 халықаралық стандартына сәйкестіктің сапа менеджментінің жүйесі сақтанушыларға қызмет көрсету сапасының жоғары деңгейін көрсетеді және оны тұрақты ұстап тұруға септігін тигізеді.

Алға басушылық: Ұсынып жатқан қызметтердің сапасын арттыру және оларды белсенді түрде көрсету үшін «Виктория» СК» АҚ өзінің бағдарламалық-техникалық кешенін тұрақты түрде жаңартып отырады. Бірегей тарихи тәжірибеге ие Компания Қазақстанның жалпы сақтандыру жүйесін дамытуда белсенді рөл атқарып келеді.

Қол жетімділік: «Виктория» Сақтандыру компаниясының кең тараған өңірлік желісі бар, Қазақстанның барлық өңірлерінде бүкіл халыққа және заңды тұлғалардың барлық түрлеріне сақтандыру қызметін көрсетеді.

Айқындылық: «Виктория» Сақтандыру компаниясы Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі уәкілетті органға, салық органдарына тұрақты түрде қаржылық есептіліктер өткізіп отырады; жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында қаржылық есептілігін жариялайды. Компания бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен ынтымақтастық құру үшін әрқашан ашық, өз қызметінің нәтижелерін жүйелі түрде жариялап тұрады және сақтандыру нарығындағы оқиғаларға пікір білдіріп отырады.

Ашықтық: «Виктория» СК» АҚ өз сақтанушыларының қажеттіліктері мен үміттерін ақтауға талпынады: сақтандыру нарығына қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру бойынша ақпараттық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп отырады; сақтанушылардың сұрақтарына жедел жауаптар береді; сақтанушылардың сақтандыру мәселелері бойынша қиындық туғызған мәселелерін шешуде белсенділік түрде көмек көрсетеді.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қауымдастықтарына (одақтарына), бірлестіктеріне және сақтандыру брокерлеріне қатысу туралы мәліметтер

1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры – 18.10.2003 ж.

Мекен-жайы: 480091, Алматы қ., көш. Рысқұлбекова, 28, 7 квартал, «Бай Тал» тұрғын үй кешені

2. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы – 2003 жылғы 27 маусымнан бастап

Мекен-жайы: 050040, Алматы қ., көш. Байзақова, 280

Пулдарға қатысу

1. «Виктория» СК» АҚ  «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның лизинг алушыларының мүліктік мүдделерін сақтандыру бойынша сақтандыру сыйымдылығын ұсыну үшін сақтандыру пулының қатысушысы болып табылады. 20.01.2021 жылғы № 527 Бірлескен сақтандырудың (бірлескен қызметтің) жалпы шарттары туралы келісімшарт үш жылға, келесі үш жылдық мерзімге автоматты түрде ұзартылу арқылы жасалды. «Sinoasia B&R» СК» АҚ (Синоазия БиЭндАр)», «Қазақмыс» СК» АҚ, «Халық» Сақтандыру компаниясы» Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы» АҚ, «Basel» СК» АҚ, «Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ – Сақтандыру пулының қатысушылары болып табылады. Брокер – «MOI сақтандыру брокері» ЖШС. Қатысушылар «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның (бұдан әрі – «КДҚ» АҚ) лизинг алушыларының (сақтанушыларының) мүліктік мүдделерін сақтандыру бойынша сақтандырудың мынадай сыныптары бойынша: мүлікті залалдан сақтандыру, автомобиль көлігін сақтандыру, теміржол көлігін сақтандыру, әуе көлігін сақтандыру бірлескен қызмет атқару туралы уағдаласты. Қатысушылар мен «КДҚ» АҚ арасында келісілген әрбір сақтандыру сыныбы бойынша қатысушылар арасында тиісті Сақтандыру ережелерімен реттелетін тәуекелдерді бөлу арқылы жеке келісім жасалды.

2. «Виктория» СК» АҚ Бірыңғай сақтандыру пулының (бұдан әрі – БСП) қатысушысы болып табылады. 02.10.2024 жылғы Келісімшарт шексіз мерзімге жасалды. «Sinoasia B&R» СК» АҚ (Синоазия БиЭндАр)», «Basel» СК» АҚ, «Amanat» СК» АҚ, «Халық» Сақтандыру компаниясы» Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы» АҚ, «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ, «Номад Иншуранс» СК» АҚ, «Freedom Finance Insurance» СК» АҚ, «Қазақмыс» СК» АҚ, «Интертич» Қазақ денсаулық сақтау және медициналық сақтандыру корпорациясы» АҚ, «Alatau City Garant» СК» АҚ, «Еуразия» АҚ, «Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ, «АСКО» СК» АҚ, «Трансойл» СК» АҚ – БСП қатысушылары болып табылады. Брокер – «MOI сақтандыру брокері» ЖШС. БСП «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруды жүзеге асыру үшін құрылған.

3. «Виктория» СК» АҚ «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қарыз алушыларының мүліктік мүдделерін сақтандыру бойынша сақтандыру сыйымдылығын ұсыну үшін сақтандыру пулының қатысушысы болып табылады. 20.10.2025 жылғы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қарыз алушыларының мүліктік тәуекелдерін сақтандыру бойынша бірлескен қызмет атқару туралы келісімшарт шексіз мерзімге жасалды. «Alatau City Garant» СК» АҚ, «Basel» СК» АҚ, «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ, «Sinoasia B&R» СК» АҚ (Синоазия БиЭндАр)», «Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ, «Трансойл» СК» АҚ сақтандыру пулының қатысушылары болып табылады. Брокер – «MOI сақтандыру брокері» ЖШС. Сақтандыру пулы Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңының 6-бабының 3-тармағының  9), 10), 11), 11-1), 11-2) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, темір жол көлігін сақтандыруды, әуе көлігін сақтандыруды, су көлігін сақтандыруды, жүктерді сақтандыруды, мүлікті залалдан сақтандыруды, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруды, басқа қаржылық залалдардан сақтандыруды жүзеге асыру үшін құрылған.

//