<span data-metadata=""><span data-buffer="">Қауіпті объектілер
<span data-metadata=""><span data-buffer="">ҚНИ АҚЖ
Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (АҚЖМС) «Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес жүзеге асырылады
Қауіпті объект иесінің ҚР азаматтық заңнамасымен белгіленген үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне қауіпті өндірістік фактормен келген зиянды өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүддесі – қауіпті объектілер иелерінің АҚЖ сақтандыру нысаны болып табылады.
Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің АҚЖ міндетті сақтандыру келісімшартын жасамай, қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектіні пайдалануға тыйым салынады.
Сақтандыру келісімшарты 12 ай мерзімге жасалады.
Онлайн-калькулятор
Сақтандыру сыйлықақысының құнын есептеп, бірнеше минут ішінде өтініш жіберіңіз
Сақтандыру жағдайлары
Қауіпті өндірістік фактормен үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келу бойынша Сақтанушының (сақтандырылған тұлғаның) азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу факті – объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімшарты бойынша сақтандыру жағдайы деп танылады
Сақтандыру сыйлықақысы
Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері тараптардың келісімімен сақтандыру сомасы мөлшерінің 0,72%-дан 2,02%-ға дейінгі мөлшерде белгіленеді.
Сақтандыру сомасы келесідей мөлшерлерде белгіленеді:
Сақтандыру сомасының мөлшері |
Жәбірленушілердің максималды ықтиал саны |
600 000 АЕК 350 000 АЕК 225 000 АЕК 115 000 АЕК 50 000 АЕК 30 000 АЕК 12 000 АЕК 5 000 АЕК 1 000 АЕК |
4 000 адамнан көп болса 2 000 адамнан 4 000 адамға дейін 1 500 адамнан 2 000 адамға дейін 750 адамнан 1 500 адамға дейін 300 адамнан 750 адамға дейін 150 адамнан 300 адамға дейін 75 адамнан 150 адамға дейін 10 адамнан 75 адамға дейін 10 адамға дейін |
Франшиза
Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің АҚЖ міндетті сақтандыру келісімшартында франшиза қарастырылмайды.
Әр үшінші тұлғаның өміріне және денсаулығына келген зиян үшін сақтандыру төлемі келесідей мөлшерде төленеді:
1) қайтыс болған кезде — 1 000 АЕК;
2) мүгедетік тағайындалған кезде: I топ — 800 АЕК; II топ — 600 АЕК; III топ — 500 АЕК; мүгедек бала — 500 АЕК;
3) мерттігу, жарақат немесе мүгедектік тағайындаусыз денсаулыққа келген басқа зақымдану – амбулаториялық және (немесе) стационарлық ем-шара қабылдауға кеткен нақты шығындардың мөлшерінде, бірақ 300 АЕК-тен аспайтын мөлшерде. Бұл ретте стационарлық ем-шараның әр күні үшін сақтандыру төлемінің мөлшері кемінде 2 АЕК құрайды;
Мүлік бүлінген кезде келген зиянның мөлшері – мүліктің сақтандыру жағдайы басталғанға дейін орын алған тозуын есепке ала отырып, оны қалпына келтіру құнының есебіне қарай белгіленеді.
Сақтандырушы сақтандыру төлемін қажетті барлық құжаттарды алған күннен бастап 30 жұмыс күнінен кешіктірмей төлейді.