Қаржылық сақтандыру

Құрылыс-монтаж жұмыстарын ерікті сақтандыру

құрылыс-монтаж жұмыстарын ерікті сақтандыру Сақтанушыға төменде көрсетілген жағдайлардың салдарынан сақтандыру төлемін төлеуді қарастырады:

  1. құрылыс нысандарының, құрылыс-монтаж жабдықтарының, материалдардың, құрылысқа, монтажға қатысты және құрылыс алаңында пайдаланылатын басқа мүліктердің бұзылуы немесе жойылуы;
  2. құрылыс-монтаж жұмыстарын, сондай-ақ Сақтанушының тапсырыс берушіге Сақтанушы өзарашарт (келісімшарт) негізінде құрған (құрастырған) ғимарат, құрылыс, жабдық, өзге нысандар үшін берілген кепілдіктер бойынша міндеттемелерін орындау кезінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және/немесе мүлкіне зиян келтіруі.
Виды страхования

Сақтандыру тәуекелдері

Сақтандыру келісімшарты бойынша Сақтандырушы құрылыс-монтаж жұмыстарын (құрылыс-монтаж жұмыстарының этаптарын) орындау кезінде төменде көрсетілген жағдайлардың нәтижесінде сақтандырылған мүліктің бұзылуының немесе жойылуының салдарынан туындаған шығындарды өтейді:

  1. Өрт
    Электр жабдығы жүйесінің бұзылуының, бу-, май-, газқұбырларының және тиісті қоймалардың, машиналардың, қазандардың және агрегаттардың жарылуының, найзағай түсудің, тұрмыстық мақсатта пайдаланылатын газдың жарылуының нәтижесінде бақылау мүмкін болмаған жану үдерісінің (от) туындауының салдарынан залалдар өтелуі тиіс. Сонымен қатар, оттың әрі қарай таралуын болдырмау мақсатында қолданылған жанғыш өнімдермен және өрт сөндіру шараларымен келген шығындар да өтелуі тиіс, оның ішінде өрт сақтандыру орнынан тыс жерде орын алған болса.
  2. Жарылыс жұмыстарын және өзге де жұмыстарды жүргізу кезіндегі апаттар (бақылау мүмкін емес жарылыстар)
    Бұрғылау, газ-, электрдәнекерлеу (кесу) жұмыстарын және нысанды салуға тікелей байланысты өзге жұмыстарды жүргізу кезінде басталған шығындар өтелуі тиіс.
  3. Инженерлік желілерде және жүйелерде апаттың орын алуы
    Су құбырларында, кәріз тораптарында және жылыту жүйелерінде орын алған апаттың, қазаншұңқырларға, ұңғымаларға, жабдықтарға, конструкцияларға, мезанизмдерге су басудың (бұзылудың), сондай-ақ өрт сөндіру жүйесінің (спринклер жүйесінің) кенеттен және қосу қажет болмағанда іске қосылуының салдарынан орын алған апаттың салдарынан туындаған шығындар өтелуі тиіс.
  4. Ғимарат апаты
    Ғимараттың, құрылыстың өзі, оның бөлігінің немесе жекелеген конструкциялық элементінің құлауының, бұзылуының, сондай-ақ олардың жұмыстарды жүргізуге қауіп төндіретін және конструкциялардың немесе іргетастардың ғимараттың, құрылыстың апатқа ұшырауына әкеп соқтырған жағдайға жетуінен орын алған нысанның немесе оның бөлігінің құрылысын тоқтата тұруға әкеп соқтырған ұйғарылған деформация шегінен асып кетуінің нәтижесінде туындаған шығындар өтелуі тиіс.

     

    • конструкция элементтері қалыңдығының, түйіскен жерлерінің, дәнекерленген жерлерінің босауы;
    • түрлі конструкцияларға қосымша жабдықтарды асып қою;
    • агрессивті ортада жұмыс істейтін конструкцияларды қорғаудың болмауы;
    • іргетастардың қалыпсыз отыруы, топырақтың көтерілуі;
    • ғимарат апатының туындауынан орын алған өзге себептер.
  5. Дүлей апаттар
    Келесі дүлей апаттардың нәтижесінде туындаған шығындар өтелуі тиіс: дауыл, ұйытқыма жел, қатты жел, тайфун, құйың, цунами (дауылдан, ұйытқыма желден немесе атмосферадағы табиғи үдерістерден шыққан әуе массаларының өзге де әрекеттерінен келген залалдар — залал келтірген әуе массасының жылдамдығы 60 км/сағ. асқан жағдайда ғана өтеледі); нөсер жаңбыр, бұршақ; су тасқыны, су тасуы (су тасқынынан немесе су тасудан келген залалдар егер су деңгейі сол жергілікті жер үшін атқарушы биліктің аймақтық органдары, гидрометеоролигиялық қызметтің және ҚР ТЖМ-ның мамандандырылған бөлімшелері белгілеген нормативтік деңгейден асатын болса ғана өтеледі); жер сілкінісі; жанартаудың атқылауы, жерасты отының әрекеті; таудың опырылып құлауы, таудан тастың құлауы, қар көшкіні, лай-тас көшкіні, сел, топырақтың шөгуі немесе өзге әрекеті, жерасты суларының тасуы, топырақтың опырылып түсуін, түсуін және сырғып түсуін қоса (осы аталған оқиғалардың басталуынан келген шығындар — олар жарылыс жұмыстарын жүргізуге, қазаншұңқырлардан немесе карьерлерден топырақ алуға, бостықтарды толтыруға немесе топырақ себу жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кез келген түрінің кендерін өндіруге немесе өңдеуге байланысты шықпаған жағдайда ғана өтеледі).
  6. Үшінші тұлғалардың заңға қайшы әрекеттері
    Үшінші тұлғалардың заңға қайшы әрекеттерінің: ұрлау, тонау / қарақшылық, бұзақылық салдарынан құрылыс материалдарының, құрылыс машиналарының және жабдықтарының бөліктері мен бөлшектерінің бұзылуының немесе жойылуының (жоғалуының), құрылыс алаңында құрылыс нысандарының бұзылуының нәтижесінде пайда болған шығындар өтелуі тиіс.
    Төменде көрсетілген іс-әрекеттер жүзеге асырылған жағдайда, үшінші тұлға (зиянкес) ұрлық жасаған деп саналады:
    • ұрлық жасау кезінде ұрланған мүлікті иемдену үшін қайқы кілт, жасанды кілттер немесе өзге де техникалық құралдарды қолданған болса.
    • сақтандырылған үй-жайға қайқы кілт, жасанды кілттер немесе өзге де техникалық құралдарды қолданып, есіктерді немесе терезелерді бұзып кірсе.
      Жасанды кілттер деп төлнұсқа кілттерге өкім жүргізу құқығы жоқ тұлғалардың тапсырмасымен немесе келісімімен дайындалған кілттер саналады (сақтандрылған жерден мүліктің жоғалуының бір факті жасанды кілттердің пайдаланылғанын дәлелдеуге жеткіліксіз);
    • сақтандырылған үй-жайлардың аумағында мүліктерді сақтау қоймасы ретінде пайдаланылатын заттарды бұзса немесе қайқы кілттің, жасанды кілттердің немесе өзге де техникалық құралдардың көмегімен оларды ашса.
      Сақтанушы және Сақтанушыда жұмыс істейтін тұлғалармен қатар басқа үшінші тұлғалар да қызметтік немесе шаруашылық мақсатта пайдаланатын үй-жайларда сондай шығындар бойынша сақтандыру тұрғысынан қорғау осы Ережеге сәйкес жасалған сақтандыру келісімшартында ерекше айтылған болса ғана жүзеге асырылады;
    • жабық үй-жайларға өзі әдеттегі жолмен кіріп, ол жерде үй-жайларды жапқанша жасырынып қалған және сол үй-жайлардан шығу кезінде қайқы кілт, жасанды кілттер немесе өзге де техникалық құралдарды қолданып, заттарды (құрылыс материалдарын, құрылыс машиналарының және жабдықтарының бөліктерін және бөлшектерін) алса;

    Төменде көрсетілген іс-әрекеттер жүзеге асырылған жағдайда тонау орын алған деп саналады:

    • Сақтанушының немесе Сақтанушыда жұмыс істейтін тұлғалардың сақтандырылған мүлікті (құрылыс материалдарын, құрылыс машиналарының және жабдықтарының бөліктерін және бөлшектерін) алуға кедергі жасау үшін бағытталған қарсылығын басып тастау үшін оларға күш көрсетілген болса;
    • Сақтанушы немесе Сақтанушыда жұмыс істейтін тұлғалар өздерінің денсаулығына немесе өміріне қауіп төніп тұрған кезде сақтандырылған мүлікті сақтандыру жерінің аумағында берсе немесе беруді рұқсат етсе. Егер бірнеше сақтандырылған ғимарат немесе үй-жай сақтандыру жері болып табылса, онда тонау деп Сақтанушының немесе Сақтанушыда жұмыс істейтін тұлғалардың денсаулығына немесе өміріне қауіп төнген сол сақтандырылған ғимараттың немесе үй-жайдың аумағында орын алған (құрылыс материалдарын, құрылыс машиналарының және жабдықтарының бөліктерін және бөлшектерін) алу жағдайы саналады;
    • Сақтанушыдан немесе Сақтанушыда жұмыс істейтін тұлғалардан сақтандырылған мүлік (құрылыс материалдары, құрылыс машиналарының және жабдықтарының бөліктері және бөлшектері) ол тұлғалар дәрменсіз жағдайда болған кезде алынған болса, егер дәрменсіз жағдай олардың қасақана әрекеттерінің салдары болып табылмаса және мүлікті алуға кедергі жасауға мүмкіндік бермесе.

    Бұзақылық болған деп үшінші тұлғаның (зиянкестің) әрекеттерінің салдарынан сақтандырылған мүлік жойылған (мүлік толығымен жарамсыз болған) немесе бұзылған (мүліктің немесе жекелеген бөлшектерінің бүтіндігі бұзылған, машиналардың, механизмдердің, жабдықтардың жөндеуді қажет ететін бұзылуы және т.б.) жағдайда айтылады.

  7. Жылжып бара жатқан техниканың басып кетуі
    Жылжып бара жатқан техниканың (оның ішінде рельспен жүріп бара жатқан) сақтандырылған мүлікті басып кетуінің (соғуының) салдарынан туындаған шығындар өтелуі тиіс.
  8. Басқарылатын ұшу аппараттарының немесе олардың сынықтарының және ұшу аппараттарынан түскен заттардың құлауы
    Сақтандырылған нысандарға басқарылатын аппараттардың немесе олардың сынықтарының және ұшу аппараттарынан түскен заттардың құлауының салдарынан туындаған шығындар өтелуі тиіс.

Сақтандыру сыйлықақысы

Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері сақтандыру сомасының және тарифтік мөлшерлеменің мөлшерлеріне қарай белгіленеді.

АтауыЕң төмен тарифтік мөлшерлеме (%)Базалықтарифтік мөлшерлеме(%)Ең жоғарытарифтік мөлшерлеме(%)
Толық тәуекелдер пакеті0,5470,9689,68
Мүлікті сақтандыру0,1920,4734,73
— өрт;0,0380,0950,946
— жарылыс және өзге жұмыстарды жүргізу кезіндегі апат;0,0290,0710,710
— инженерлік желілердегі апат;0,0190,0470,473
— ғимарат апаты;0,0190,0470,473
— жылжып бара жатқан техниканың басып кетуі;0,0380,0950,946
— басқарылатын ұшу апараттарының немесе олардың сынықтарының құлауы;0,0170,0430,426
— дүлей апаттар;0,0080,0190,189
— үшінші тұлғалардың заңға қайшы әрекеттері;0,0240,0560,567
құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кездегі азаматтық-құқықтық жауапкершілік0,1650,2352,35
іске қосқаннан кейінгі кепілдік міндеттемелер0,190,262,6

Франшиза

Сақтандыру келісімшартымен франшиза қарастырылады. Франшизаның түрі мен мөлшері Тараптардың келісімімен белгіленеді және не сақтандыру сомасының пайызымен, не болмаса абсолютті мөлшерде белгіленеді.

Сақтандыру тарифтері бойынша мөлшерлеме