Коммуникация арналарын жеңілдету және қолайлықты арттыру мақсатында СТКҚ байланыс орталығымен хабарласу үшін қысқа нөмірді іске қосты. 2570 қысқа нөмірі арқылы қоңырау шалып, автомобиль иелері «Европротокол» – ЖКО жеңілдетілген түрде рәсімдеу бойынша кез келген туындаған мәселелеріне қатысты кеңес алуына болады. Қазақстан аумағында қоңырау шалу – тегін. Сондай-ақ «Европротокол» сервисін пайдаланушыларына жедел желінің ортақ нөмірі: +7 (727) 339 31 88 бұрынғыша қолжетімді.
2024 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстанда сақтандыру бойынша жаңа «Европротокол» сервисі іске қосылды. «Европротокол» – жол полициясын шақырмай-ақ ЖКО рәсімдеуге және сақтандыру компаниясынан жылдам өтемақы алуға мүмкіндік береді. Бұл сервисті пайдалану үшін Арр Store-дан немесе Google Play-ден «Европротокол» мобильді қосымшасын көшіріп алса, жеткілікті. Осы қосымша арқылы сақтандыру жағдайын әрі жеке тұлғалар үшін, әрі заңды тұлғалар үшін, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы бейрезиденттер үшін де рәсімдеуге болады.
Европротокол туралы толығырақ ақпаратпен ipqf.kz сайтынан танысуға болады.