Жеке сақтандыру
Шетелде медициналық шығыстарды сақтандыру
Не үшін?
Шетелге шығатын адамдардың медициналық және/немесе медициналық-көлік шығыстарын ерікті сақтандыру сақтандыру аумағында болу кезінде сақтандыру жағдайы басталған кезде шұғыл медициналық көмек алуға арналған шығыстарды өтеуді көздейді.
Сақтандыру тәуекелдері
- Жедел тосыннан ауру;
- Жазатайым оқиға нәтижесінде алған жарақаттар;
- Ауырған тіс немесе оның айналасындағы тіндердің қабынуы нәтижесінде пайда болған өткір тіс ауруы, не болмаса жазатайым оқиға нәтижесінде алынған жақ жарақаты.
САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ
Сақтандыру келісімшартында қарастырылған оқиға орын алса, сол жағдай сақтандыру жағдайы болып табылады және сол сәттен бастап Сақтандырушының сақтандыру төлемін жасау міндеті туындайды.
Нәтижесінде сақтандырылған тұлғаның денсаулығына зиян келген немесе ол қайтыс болған және медициналық және/немесе медициналық-көліктік жәрдем көрсетуге шығындар туындаған нақты, кенеттен және байқаусыз болған оқиғалар сақтандыру жағдайы деп танылады.
САҚТАНДЫРУ КЕЛІСІМШАРТЫНЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ АУМАҒЫ МЕН МЕРЗІМІ
Сақтандырылған тұлғаның тұрақты тұратын елін және Сақтандырылған тұлға сол елдің азаматы болып табылатын елді қоспағанда, сақтандыру келісімшарты әлемнің барлық елдерінде әрекет етеді.
Сақтандыру келісімшартының әрекет ету аумағынан келесілер шығарылады:
- аумағында әскери әрекеттер немесе террорға қарсы әскери операциялар жүргізіліп жатқан мемлекеттер;
- сол елдерге қатысты БҰҰ-ның экономикалық және/немесе іскери санкциялары қойылған мемлекеттер;
- эпидемия ошағы анықталған және эпидемия ошағы деп танылған аумақтар;
- белгілі-бір мемлекеттерге барғанда сол мемлекеттің адам денсаулығына айқын ықтималдылықпен зиян келуі мүмкін аумақтары.
Сақтандыру келісімшартының әрекет ету мерзімі Астана қ. уақтымен саналады және сақтандыру полисінде мерзімнің басталуы ретінде көрсетілген күнгі сағат 00-00-ден бастап басталады, сақтандыру полисінде мерзімнің аяқталуы ретінде көрсетілген күнгі сағат 24-00-де бітеді.
Сақтандыру келісімшартын 30 және одан көп күндік кезеңге жасаған кезде Сақтандырушыға сақтандыру полисінің «күндер саны» бағанында белгіленген күндер (лимит) саны көлемінде ғана жауапкершілік артылады. Сақтандыру аумағына әр барған кезде сақтандыру полисінің «күндер саны» бағанында көрсетілген сақтандыру мерзімі сақтандыру аумағында өткізген күндер санына дағдылы түрде азайып отырады. Бұл ретте Сақтандырушының жауапкершілігі «күндер саны» бағанында белгіленген лимит біткеннен кейін тоқтайды.
Сақтандыру келісімшартында басқа шарттар қарастырылмаған болса, сақтандыру келісімшартының мерзімі ең азы – 1 күн, ең көбі – 1 жыл.
Сақтандыру сыйлықақысы
Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері тараптардың келісімімен, бекітілген тарифтерге сәйкес белгіленеді.
Шетелге шығатын азаматтардың медициналық және/немесе медициналық-көліктік шығындарын ерікті сақтандыру бойынша
Базалық тарифтер мен сақтандыру сомасының кодировкасы
ТМД, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Кариб бассейні, Куба, Австралия және Жапония елдерін қоспағанда, бүкіл әлем (оның ішінде Еуропа)
Тарифтік жоспардың коды | H | K | L | F | M | N | E | Т |
Сақтандыру сомасы | 15 000 USD | 25 000 USD | 30 000 USD | 40 000 USD | 50 000 USD | 100 000 USD | 30 000 EUR | 50 000 EUR |
Сақтандыру мерзімі (сақтандырылған күндер лимиті) | Сақтандыру сыйлықақысы, күніне USD | Сақтандыру сыйлықақысы, күніне EUR | ||||||
1-6 күн | 1.26 | 1.50 | 1.62 | 2.12 | 2.55 | 4.90 | 1.62 | 2.55 |
7-13 күн | 0.88 | 1.05 | 1.13 | 1.48 | 1.79 | 3.43 | 1.13 | 1.79 |
14-29 күн | 0.76 | 0.90 | 0.97 | 1.27 | 1.53 | 2.94 | 0.97 | 1.53 |
30-59 күн | 0.63 | 0.75 | 0.81 | 1.06 | 1.28 | 2.45 | 0.81 | 1.28 |
60-365 күн | 0.57 | 0.68 | 0.73 | 0.95 | 1.15 | 2.21 | 0.73 | 1.15 |
ТМД елдерін қоспағанда, бүкіл әлем, (оның ішінде Солтүстік және Оңтүстік Америка, Кариб бассейні, Куба, Австралия және Жапония елдері)
Тарифтік жоспардың коды | L | M | N |
Сақтандыру сомасы | 30 000 USD | 50 000 USD | 100 000 USD |
Сақтандыру мерзімі (сақтандырылған күндер лимиті) | Сақтандыру сыйлықақысы, күніне USD | ||
1-6 күн | 4.05 | 6.38 | 12.25 |
7-13 күн | 2.84 | 4.46 | 8.58 |
14-29 күн | 2.43 | 3.83 | 7.35 |
30-59 күн | 2.03 | 3.19 | 6.13 |
60-365 күн | 1.82 | 2.87 | 5.51 |
65 жастан үлкен тұлғалардың пайдасына жасалған сақтандыру келісімшарттары бойынша төлеу тиіс сақтандыру сыйлықақысының сомасын есептеу кезінде есептеу тарифіне арттыру коэффициенті қолданылады:
толық 65-70 жас – 2;
толық 71-75 жас – 3;
толық 76-80 жас – 4;
толық 81-85 жас – 5.
Франшиза
Сақтандырушы сақтандыру шартында әрбір сақтандыру оқиғасы бойынша Сақтанушының (Сақтандырылғанның) өтелмейтін нақты шығындарының мөлшерін — шартты франшизаны белгілеуге құқылы. Түркия мен Египет үшін шартсыз франшиза белгіленген — 30 USD.