теміржол көлігін ерікті сақтандыру – сақтандыру жағдайының (тәуекелінің) басталуының нәтижесінде теміржол көлігінің бұзылу, жоғалу, ұрлану салдарынан Сақтанушыға сақтандыру төлемін төлеуді қарастырады.
Сақтандыру тәуекелдері
- кездейсоқ және ықтимал сипаттағы төменде көрсетілген себептер бойынша орын алған ТЖК-нің бұзылуы (жойылуы)
- күйреу;
- жарылыс, өрт;
- үшінші тұлғалардың заңға қайшы әрекеттері, оның ішінде вандализм, бұзып кіріп ұрлау, тонау, қарақшылық және т.с.с.;
- дүлей апаттар (су тасқыны, дауыл, бұршақ жауу, қатты жел, нөсер жаңбыр, ТЖК құралдарын пайдалануға жергілікті жердің өзгеше қолайсыздығы – аяз бен мол қар жауу, опырылып құлау, лай-тас көшкіні, сел, найзағай түсу, жер сілкінісі және өзге табиғи құбылыстар).
- Ұрлық, тонау немесе қарақшылық түрінде жасалған және сол факті бойынша қылмыстық іс қозғалған ТЖК-нің немесе оның жекелеген құрылымдық бөлшектерінің ұрлануы.
Сақтандыру сомасы
Сақтандыру келісімшартында сақтандыру сомасы Сақтанушы мен Сақтандырушының келісімімен белгіленген мөлшерде көрсетіледі. Сақтандыру сомасы теміржол көлігінің сақтандыру құнынан аспауы тиіс.
Сақтандыру сыйлықақысы
Сақтандыру сыйлықақысы сақтандыру сомасының және тарифтік мөлшерлеменің мөлшерлеріне қарай белгіленеді. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері сақтандыру мерзіміне, франшизаға және сақтандырылған мүліктік мүдденің ерекшеліктеріне байланысты.
Тәуекелдер | Базалық тарифтікмөлшерлеме (%) | Ең төмен тарифтікмөлшерлеме (%) | Ең жоғары тарифтікмөлшерлеме (%) |
Толық пакет | 0,046 | 0,24 | 2,4 |
Күйреу, апат, соқтығыс, жолдан шығып кету | 0,021 | 0,107 | 1,072 |
Жарылыс, өрт | 0,009 | 0,048 | 0,477 |
Үшінші тұлғалардың заңға қайшы әрекеттері | 0,005 | 0,024 | 0,238 |
Дүлей апаттар | 0,002 | 0,012 | 0,119 |
Распределение веса тарифа между рисками
Риски | Вес |
Күйреу, апат, соқтығыс, жолдан шығып кету | 45% |
Обвал/разрушение мостов, туннелей | 10% |
Жарылыс, өрт | 20% |
Дүлей апаттар | 5% |
Үшінші тұлғалардың заңға қайшы әрекеттері | 10% |
Кража, хищение | 10% |
Толық пакет | 100% |
Франшиза
Сақтандыру келісімшартымен франшиза қарастырылады. Франшизаның түрі мен мөлшері Тараптардың келісімімен белгіленеді және не сақтандыру сомасының пайызымен, не болмаса абсолютті мөлшерде белгіленеді.