Қор – акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Заңының және құрылтай құжаттарының негізінде жүзеге асырады.
Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру қорына (СТКҚ) Қазақстанның барлық сақтандыру компаниялары кіреді, олар Қорға жарна салып отырады және сақтандыру компаниясын таратқан жағдайда қаржы ұйымы сол компанияның клиенттеріне төлемдер жасайды. Қазақстан Республикасының «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Заңына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес Қорға қосымша қызмет жүктелді: жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келген зиянды және (немесе) жол-көлік оқиғасы орын алған жерден қашып кеткен және жәбірленушіге зиян келтіргені үшін жауапты адамның кім екені анықталмаған жағдайларда жерлеу шығыстары үшін төлем жасайды.