Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты нысан иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (АҚЖМС) ҚР «Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты нысан иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Қауіпті нысан иелерінің АҚЖМС-н сақтандыру нысаны оның иесінің ҚР азаматтық заңнамасымен белгіленген үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне қауіпті өндірістік фактормен келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүддесі болып табылады.
Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты нысан иелерінің АҚЖМС келісімшартын жасамайынша қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты нысанды пайдалануға тыйым салынады
Сақтандыру келісімшарты 12 ай мерзімге жасалады.
Сақтандыру жағдайлары
Нысан иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімшарты бойынша сақтандыру жағдайы деп үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне қауіпті өндірістік фактормен келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтанушының (сақтандырылғанның) азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу факті танылады.
Сақтандыру сыйлықақысы
Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері тараптардың келісімімен сақтандыру сомасы мөлшерінің 0,72%-ынан 2,02%-ына дейінгі көлемде белгіленеді.
Сақтандыру сомасы келесі мөлшерлерде белгіленеді:
Сақтандыру сомасының мөлшері | Қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің нәтижесінде зиян шеккендердің мүмкін болған ең көп саны келесідей болған жағдайда: |
600 000 АЕК | 4 000 кісіден астам |
350 000 АЕК | 2 000 кісіден 4 000 кісіге дейін |
225 000 АЕК | 1 500 кісіден 2 000 кісіге дейін |
115 000 АЕК | 750 кісіден 1 500 кісіге дейін |
50 000 АЕК | 300 кісіден 750 кісіге дейін |
30 000 АЕК | 150 кісіден 300 кісіге дейін |
12 000 АЕК | 75 кісіден 150 кісіге дейін |
5 000 АЕК | 10 кісіден 75 кісіге дейін |
1 000 АЕК | 10 кісіге дейін |
Әр үшінші тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемі келесі мөлшерлерде жүзеге асырылады:
1) қайтыс болған кезде — 1 000 АЕК;
2) мүгедектік белгіленген кезде:
I топ — 800 АЕК;
II топ — 600 АЕК;
III топ — 500 АЕК;
мүгедек бала — 500 АЕК;
3) Мүгедектіктік белгіленбей мертіккен, жарақаттанған немесе денсаулыққа басқаша зақым алған кезде – амбулаторлық және (немесе) стационарлық ем алу үшін нақты шығындар мөлшерінде, бірақ 300 АЕК-тен көп емес. Бұл орайда стационарлық ем алған әр күн үшін сақтандыру төлемінің мөлшері ең кемі 2 АЕК-ті құрауы тиіс.
Мүлікке зақым келген кездегі зиянның мөлшері оны мүліктің сақтандыру жағдайы басталғанға дейін орын алған тозуын есепке ала отырып, қайта қалпына келтіру құнының есептемесіне қарай белгіленеді.
Сақтандыру төлемін сақтандырушы барлық қажет құжаттарды алған күннен бастап 30 жұмыс күнінен кешіктірмей төлейді.