Жазатайым оқиғалардан ерікті сақтандыру Сақтанушының өміріне және денсаулығына жазатайым оқиғадан (сақтандыру келісімшартына қатысты жазатайым оқиға деп Сақтанушының ағзасына сыртқы механикалық, электр, химиялық немесе термикалық күштердің әсер етуінің нәтижесінде денсаулығына зиян, жарақат келтірген немесе өліміне себеп болған адамның еркіне қарсы кенеттен туындаған қысқа мезгілді оқиғаны (жағдайды) түсіну тиіс) келген зиянның салдарынан сақтандыру төлемдерін төлеуді қарастырады.
Сақтандыру тәуекелдері
- Сақтанушының жарақаттан жалпы еңбек ету қабілеттігін толығымен немесе ішінара жоғалтуы (16 жасқа дейінгі тұлғалар үшін денсаулығына зиян келу);
- жазатайым оқиғаның салдарынан Сақтанушының қайтыс болуы.
Сақтандыру сомасы
Сақтандыру сомасы — сақтандыру нысаны сақтандырылған және Сақтандырушының сақтандыру жағдайы басталған кезде жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы, ол сома Тараптардың келісімімен белгіленеді.
Сақтандыру сыйлықақысы
Сақтандыру сыйлықақысы Тараптардың келісімімен сақтандыруға қабылданған тәуекелдерге, сақтандыру сомасына, Сақтанушының (Сақтандырылған тұлғаның) қызметінің түріне немесе кәсібіне, оның жасына, еңбек шарттарына қарай белгіленеді.
Жазатайым оқиғалардан ерікті сақтандыру бойынша тарифтік мөлшерлемелер кестесі
Тәуекел тобының (түрінің) атауы | Ең төмен тарифтік мөлшерлеме, % | Базалықтарифтік мөлшерлеме,% | Ең жоғарытарифтік мөлшерлеме, % |
Толық тәуекелдер пакеті | 0,165 | 1,02 | 15,3 |
Сақтандырылған тұлғаның жазатайым оқиғаның салдарынан еңбек ету қабілеттігін толық немесе уақытша жоғалту | 0,149 | 0,918 | 13,77 |
Сақтандырылған тұлғаның жазатайым оқиғаның салдарынан қайтыс болуы | 0,016 | 0,102 | 1,53 |
Франшиза — қарастырылмаған