Жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (АҚЖМС) ҚР «Жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Жеке нотариустардың АҚЖМС нысаны болып жеке нотариустың нотариалдық іс-әрекеттерді жүзеге асыруының нәтижесінде үшінші тұлғаларға келтірілген зиянды оның өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүдделері табылады. Аталған нотариалдық іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін жеке нотариус Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңына сәйкес жеке нотариустың жауапкершілігін міндетті сақтау келісімшартын жасауы тиіс. Жеке нотариустың жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімшартын жасамайынша жеке нотариустың нотариалдық қызмет көрсету бойынша қызметін жүзеге асыруға құқығы жоқ.
Сақтандыру жағдайлары
Жеке нотариустың жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімшарты бойынша сақтандыру жағдайы деп жеке нотариус нотариалдық іс-әрекеттерді жасауыдың нәтижесінде үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандырушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу факті танылады.
Жеке нотариустың АҚЖМС келісімшарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшері сол келісімшарттың шарттарымен белгіленеді және өз қызметін республикалық маңыздағы қаланың, астананың аумағында жүзеге асырып жатқан нотариустар үшін – ең кемі 1000 АЕК-ті, өзге нотариустар үшін – ең кемі 500 АЕК-ті құрауы тиіс.
Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері тараптардың келісімімен белгіленеді, бірақ жеке нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімшартының шарттарымен белгіленген сақтандыру сомасының 4,5 пайызынан аспауы тиіс.
Франшиза
Әр сақтандыру жағдайы бойынша франшиза мөлшері тараптардың келісімі бойынша белгіленеді, бірақ бұл орайда жеке нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімшартында белгіленген сақтандыру сомасының бес пайызынан аспауы тиіс
Келтірілген зиянның мөлшері франшизаның мөлшерінен асқан жағдайда сақтандыру төлемі толық мөлшерде төленеді.
Сақтандыру мерзімі — мерзім күшіне енген күннен бастап 12 ай.
Сақтандырушы сақтандыру төлемдерін үшінші тұлғалардың немесе заңды күшіне енген сот шешімінің келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарының сомасына қарай белгілейді. Сақтандырушы сақтандыру төлемдерін барлық қажет құжаттарды алған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде төлейді.