Мүліктік сақтандыру
«Менің үйім» жылжымайтын мүлікті ерікті
сақтандыру бағдарламасы
Сақтандыру объектісі мен субъектісі
«Менің үйім» Заңды және жеке тұлғалардың дербес пайдалануындағы жылжымайтын мүліктерді ерікті сақтандыру бағдарламасы
Сақтанушының Сақтандыру келісімшартында көрсетілген жылжымайтын мүлікке иелік ету, оны пайдалану, өкім жүргізуге, сондай-ақ Бағдарламада қарастырылған сақтандыру жағдайы басталған кезде туындауы мүмкін күтілмеген шығыстарға байланысты мүліктік мүддесі – сақтандыру объекті болып табылады.
Заңды және/немесе жеке тұлғаларға тиесілі (шатыр, қабырғалар, төбе, терезелер, есіктер, жайлардың ішкі өңделімі, едендер және т.с.с.), Бағдарламада қарастырылған сақтандыру жағдайы басталған кезде зиян келген жылжымайтын мүлікті сақтандыру – Сақтандыру келісімшартының мәні болып табылады.
Келесі мүліктер сақтандыруға қабылданбайды:
- тұрғын үй қорынан шығарылған жылжымайтын мүлік (офистер, дүкендер және т.б.);
- тұрғындар уақытша пайдаланып жатқан жылжымайтын мүлік;
- Каркас-қамыстан саманнан салынған, 80 жылдан астам уақыттан беру пайдаланылып жатқан ескі ғимараттар.
Осы Бағдарламаның шарттарына сәйкес сақтандыру аумағындағы кез-келген жылжымалы мүлік – сақтандыру мәні болып саналмайды.
Жекелеген сақтандыру сыйлықақысы үшін аула аумағындағы тұрғын емес құрылыс жайлары (сарайлар, гараждар, жазғы асүйлер, бастырмалар және т.с.с. сақтандыруға қабылдануы мүмкін.
САҚТАНДЫРУ СОМАСЫ, САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫ
Осы Бағдарламаның шарттарына сәйкес Сақтандыру келісімшарты бойынша сақтандыру сомасы (теңгемен) тараптардың келісімімен төмендегі кестеде көрсетілген мөлшерлерде белгіленеді. Сақтандыру келісімшарты бойынша төленуі тиіс сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (теңгемен) сақтандыру сомасын ескере отырып, төмендегідей кестеге сәйкес белгіленеді:
«Менің үйім» Заңды және жеке тұлғалардың дербес пайдалануындағы жылжымайтын мүлікті ерікті сақтандыру бағдарламасы бойынша сақтандыру сомалары мен сақтандыру сыйлықақыларының КЕСТЕСІ | |||
САҚТАНДЫРУ СОМАСЫ (теңге) | |||
Тұрғын жылжымайтын мүлік үшін (теңге) | Тұрғын емес үй-жайлар үшін (теңге) | ||
700 000 | 900 000 | 2 000 000 | 500 000 |
САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫ (теңге) | |||
7 000 | 9 000 | 20 000 | 5 000 |
Сақтандыру сыйлықақысы Сақтандыру келісімшартын жасау сәтінде, біржолғы төлеммен, қолма-қол ақшамен төленеді.
САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ
Осы Бағдарламаға сәйкес Сақтандыру келісімшартында қарастырылған оқиғаның немесе оқиғалар жиынтығының сақтандырылған тәуекелдердің) басталу нәтижесінде сақтандырылған жылжымайтын мүліктің бұзылуы, бүлінуі немесе жойылуы – сақтандыру жағдайы деп танылады. Егер жылжымайтын мүлік Сақтандыру келісімшартының қолданыс кезеңінде және келісілген сақтандыру аумағында бұзылған, бүлінген немесе жойылған болса, онда ол оқиға сақтандыру жағдайы деп танылады.
Төменде көрсетілген оқиғалардың нәтижесінде сақтандырылған жылжымайтын мүліктің бүлінуі немесе жойылуы осы Бағдарлама бойынша сақтандыру жағдайы болып танылады:
- өрт, найзағай соғу, жарылыс;
- дүлей апаттар: су тасқыны, жер сілкінісі, вулкан атқылау, жерасты отының әрекеті, жердің шөгуі, топырақ көшкіні, таудың құлауы, тасты құлауы, қар массасының қысымы, қар көшкіні, дауыл (теңіз дауылы), құйын, құйын-дауыл, сел, жерасты суының әрекеті және т.с.с.;
- су басу;
- көлік құралының соғуы;
- сақтандырылған көлікке ұшқыш жүргізетін ұшу аппараттарының, солардың сынықтарының немесе солардан заттар мен жүктердің құлауы;
- ағаштардың және басқа заттардың құлауы;
- бөтен адамдардың заңға қайшы іс-қимылдары: ұрлау, тонау, қарақшылық, бөтен адамдардың мүлікті қасақана бұзуы (бүлдіруі), бұзақылық.