Мүліктік сақтандыру

Су көлігін сақтандыру

Сақтанушының су көлігіне иелік етуіне, пайдалануына және оған билік етуіне байланысты сол су көлігінің бұзылуының немесе жойылуының (оны біреудің айдап кетуінің, ұрлауының), оған: моторының, такелажының, ішкі өңделімінің, жабдығының және т.б. қоса бұзылуының немесе жойылуының салдарынан Сақтанушының (Пайда алушының) мүліктік мүддесі – сақтандыру нысаны болып табылады.
Виды страхования

Сақтандыруға қабылданады:

  1. Тағайындалуына, жүзу ауданына, құрылған материалына, қозғалтқыш түріне (қозғалтқышына: желкенді, винтті және т.б.) қарай Мемлекеттік кеме реестріне енгізілген және: әскери (әдетте сақтандыруға қабылданбайды), тасымал (сауда), кәсіптік, қызметтік-қосалқы, техникалық флот кемелері, арнаулы (баржалар), спорттық және жартылай жарыс кемелері (катерлер, яхталар) болып бөлінетін су көлігі құралдары (кемелер).Тасымал (сауда) кемелері таситын жүкке қарай келесідей бөлінеді:
    • жолаушылар және жүк-жолаушылар кемесі (12-ден көп жолаушы орнымен жабдықталған және жолаушыларды және жүк тасуға арналған кеме);
    • басты жүктерді тасуға арналған құрғақ жүк таситын, үйінді, ыдыстарға салынған және ыдыстарға салынбаған заттарды (тоңазытқаш, ағаш тасығыш, астық тасығыш, контейнер тасығыш, пакет тасығыш және т.с.с.), сондай-ақ арнаулы: балкер, ро-ро, лихтер сүйрегіш, құйылған сұйық заттарды тасуға арналған сұйыққоймалы (танкерлер және т.с.с.) кемелер.

    Кәсіптік кемелер теңіз кәсібі үшін (балық аулау, кит аулау, теңіз шаянын және т.б. аулауға арналған) қызмет етеді және балық аулайтын (траулерлер, сейнерлер, боттар, тунец аулайтын, теңіз шаянын аулайтын, кит аулайтын және аң аулайтын) және өнімді тікелей теңізде қайта өңдейтін жүзгіш базалар мен зауыттар болып бөлінеді.

    Тасымалдаушы және кәсіптік кемелердің жұмысын қамтамасыз ететін қызметтік-қосалқы кемелерге – мұз жарғыш, буксир, үлестіруші, лоцман, жүріп тұрушы, құтқарушы, өрт сөндіруші және т.б. кемелер жатады.

    Техникалық флот кемелеріне балшық сорғыш кемелер, жүзуші доктар, крандар және т.б. кемелер жатады.

  2. Машиналар (моторлар) навигациялық және басқа жабдықтар, кеме құрылғылары, теңіз (өзен) кемелеріне қондырылған керек-жарақтар (такелаждар), кемеге қондырылған және/немесе кемемен таситын қосымша арнаулы жабдықтар (керек-жарақтар), сондай-ақ қосалқы бөлшектер, ішкі өңделім.

Сақтандыру жағдайы

Келісімшарттың қолданылу кезеңі ішінде және айтылған сақтандыру аумағының шеңберінде орын алған, сақтандырылған кемені және/немесе қосымша жабдықты жоғалтуға (оның жойылуына) немесе бұзылуына әкеп соқтырған оқиғалар осы Қағидаларға сәйкес жасалған Сақтандыру келісімшарты бойынша сақтандыру жағдайы болып табылады.

Төменде көрсетілген жағдайлардың нәтижесінде су көлігінің жойылуы (жоғалуы) немесе бұзылуы – сақтандыру жағдайы болып танылады:

  1. келесі жағдайлардың салдарынан суда орын алған оқиғалар (инцидент):
    • қолайсыз ауа райы – боран, дауыл, теңіз дауылы;
    • басқа кемелермен соқтығысып қалу;
    • жүзгіш немесе қозғалмайтын нысандармен соқтығысу;
    • судың түбіне соқтығысу немесе қайырға тұрып қалу;
  2. өрт, жарылыс;
  3. құрылықтағы көлік құралымен, теңіз айлағының немесе доктардың жабдықтарымен немесе ғимараттарымен соқтығысу;
  4. жер сілкінісі, вулканның атқылауы немесе найзағай соғу;
  5. жүкті тиеу, түсіру немесе жылжыту;
  6. жанармай тиеу немесе түсіру кезінде;
  7. қазандықтардың жарылуы, кеме машиналарының немесе корпусының біліктерінің сынуы немесе басқа да жасырын ақаулар;
  8. әуе көлігі құралымен (ұшақтармен, тікұшақтармен және т.с.с.) соқтығысу;
  9. үшінші тұлғалардың заңға қайшы әрекеттері

Сақтандыру сомасы және сақтандыру сыйлықақысы

Сақтандыру сомасының мөлшері Тараптардың келісімімен Сақтандыру келісімшартында белгіленеді, бірақ кеменің Сақтандыру келісімшартын жасау сәтіндегі нақты құнынан жоғары болмауы тиіс.

Сақтандыру келісімшарты бойынша төленуі тиіс сақтандыру сыйлықақысының мөлшері сақтандыру нысанының техникалық күй-жайын, сақтандыру тәуекелдерін және кеменің құнына  сақтандыру сомасының қатынасын есепке алып, сақтандыру сыйлықақысының мөлшерлемесін белгілейтін, сақтандыру сомасынан ұстап қалынатын сақтандыру тарифтеріне сәйкес есептеледі. Сақтандыру сыйлықақысы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен төленеді.

Сақтандыру тарифтері бойынша мөлшерлеме