Мүліктік сақтандыру

Теміржол көлігін сақтандыру

Сақтандыру объектісі мен субъектісі

Сақтанушы теміржол көлігіне (бұдан әрі мәтін бойынша – көлік) иелік етуге, оны пайдалануға және өкім жүргізуге байланысты, Сақтандыру келісімшартында қарастырылған сақтандыру жағдайының нәтижесінде көліктің бүлінуінің, жоғалуының, қайтпауының немесе жойылуының (ұрлап айдап әкетудің, ұрлаудың) салдарынан Сақтанушының мүліктік мүддесі – сақтандыру объектісі болып табылады.

Сақтанушыға иелік ету, пайдалану, өкім жүргізу құқығында тиесілі, тиісті стандарттардың талаптарын қанағаттандыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының темір жолдарды техникалық пайдалану қағидасының талаптарына сәйкес келетін, техникалық тұрғыдан ақаусыз күй-жайдағы теміржол көлігі – сақтандыру мәні болып табылады.

Виды страхования

Сақтандыруға келесідей көліктер қабылданады:

  • тартымды жылжымалы құрам: локомотивтер, электровоздар, тепловоздар, паровоздар, газтурбовоздар, мотовоздар, автомотристер және т.с.с.;
  • моторвагондық жылжымалық құрам: электр пойыздар, дизельді пойыздар, турбопойыздар, аккумуляторлық пойыздар, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамдар, дрезиналары және т.с.с.;
  • топтарға бойынша жүк вагон құрамдары:
  • 1-топ — үсті жабық вагондар, жартылай вагондар, платформалар;
  • 2-топ — шекемтас тасығыштар (хоппер-вагондар), автомобиль тасымалдауға арналған вагондар, думпкарлар;
  • 3-топ — вагондар: астық тасымалдайтын вагондар, минерал тасымалдайтын вагондар, фитинг платформалар, сода тасымалдайтын вагондар, цистерналар;
  • 4-топ – вагондар: цемент тасымалдайтын вагондар, контейнер тасымалдайтын вагондар, өстер саны 12 және одан көп транспортерлер, басқа да вагондар, оның ішінде басқа топтардың құрамына кірмейтін арнаулы вагондар;
  • 5-топ — рефрижератор вагондар, өстер саны 16 және одан көп транспортерлер;
  • 6-топ — термос-вагондар.
    • Жолаушыларға арналған вагондар құрамы: жолаушылар, жүк, пошта, жүк–пошта, қызметтік, мейрамхана-вагон (кафе), басқа да арнайы вагондар және т.с.с.

Теміржол көлігі сақтандыруға түгелімен, оның ішінде келесілермен қабылданады:

  • корпус;
  • ішкі жайлар, оның ішінде: сымдар жүйесі, оқшауландыру, өңделім, құрылғылар мен жүйелер, негізгі және қосалқы механизмдер, қазандықтар, дизель-генераторлар және басқа жабдықтар мен саймандар;
  • негізгі комплектацияға кірмейтін және Сақтанушы пойыз және маневрлер жұмысының қауіпсіздігін арттыру, жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында орнатқан жекелеген конструктивтік элементтер және т.с.с.

Келесідей көліктер сақтандыруға қабылданбайды:

  • соттың заңды күшіне енген тиісті шешімінің негізінде тәркіленетін көлік;
  • жүре ме, жүрмей ме, оған қарамастан, мұражай экспонаты болып саналатын көлік;
  • зауыттық конструкциямен қарастырылған мақсатқа пайдаланылмайтын көлік;
  • техникалық тұрғыдан ақауы бар, құрамдас бөлшектері шашылған көліктер.

Сақтандыру жағдайы

Сақтандыру Келісімшартының қолданыс кезеңінде, сақтандыру аумағында орын алған, сақтандырылған көліктің жоғалуына (жойылуына) немесе бүлінуіне әкеп соқтырған оқиға – сақтандыру жағдайы болып табылады. Сақтандыру оқиғасы кездейсоқтық және ықтималдық сипатта болуы тиіс.

  1. Төменде көрсетілген жайдайлардың нәтижесінде сақтандырылған көліктің бүлінуі, жоқ болуы немесе жойылуы Сақтандыру келісімшарты бойынша сақтандыру жағдайы деп танылады:
  • күйреу, апатқа ұшырау, соқтығысу немесе рельстен шығып кету (әрі сапарда, әрі маневр жұмыстары кезінде);
  • көпірлердің, туннельдердің құлауы/бұзылуы;
  • өрт, жарылыс;
  • дүлей апаттар, жер сілкінісі, вулкан атқылау немесе жерасты оттың әрекеттері, жердің шөгуі, топырақ көшкіні, тау құлау, дауыл, құйын, құйын-дауыл, су тасқыны, бұршақ, нөсер жаңбыр, найзағай соғу;
  • бөтен адамдардың заңға қайшы іс-қимылдары;
  • ұрлау, тонау немесе қарақшылық түрінде жасалған, соның факті бойынша қылмыстық іс қозғалған көлікті немесе жекелеген конструкциялық элементтерін ұрлау;
  • сақтандырылған көлікке ұшқыш жүргізетін ұшу аппараттарының, солардың сынықтарының немесе солардан заттар мен жүктердің құлауы.

Сақтандыру сомасы және сақтандыру төлемі

Сақтандыру сомасының мөлшері сақтандыру келісімшартын жасаған сәттегі бухгалтерлік құжаттардың, нарықтық конъюктураның негізінде көліктің баланстық немесе нарықтық құнымен белгіленеді.

Сақтандыру сыйлықақысының Сақтандыру келісімшарты бойынша төленуі тиіс сақтандыру сыйлықақысының мөлшерлемесін айқындайтын, сақтандыру объектісі мен сақтандыру тәуекелінің сипатын ескере отырып, сақтандыру сомасы бірлігінен ұсталатын сақтандыру тарифтеріне сәйкес есептеледі. Сақтандыру сыйлықақыларын төлеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен төленеді.

Сақтандыру тарифтері бойынша мөлшерлеме