Мүліктік сақтандыру
Титулдық сақтандыру
Сақтандыру мәні
Иеліктен алуды талап етуге байланысты мүлікке меншік құқығынан айырылу нәтижесінде мүліктен айырылу тәуекеліне, сондай-ақ соттың мүлікті сатып алу-сату, сыйға беру, айырбастау, мұраға қалдыру, жекешелендіру мәмілесін жарамсыз деп тануына байланысты сақтанушының мүліктік мүддесі – осы Қағида бойынша сақтандыру объекті болып табылады.
Сақтандыру келесілерге қолданылмайды:
- ақшалар (оның ішінде шетел валютасы) және бағалы қағаздар;
- қолжазбалар, жоспарлар, сызбалар, жобалар, үлгілер, модельдер және басқа құжаттар, компьютерлік жүйенің техникалық ақпарат тасығыштары, слайдтар, фотосуреттер, аудио- және бейнежазбалар;
- бағалы металдар мен асыл тастар;
- өнер туындылары, картиналар, пошта маркалары, антикварлық бұйымдар және т.с.с., солардан жасалған коллекциялар;
- діни мәдениет бұйымдары;
- үй жануарлары, құстар, үй гүлдері, терісі бағалы аңдар, басқа жануарлар;
- қосалқы бөлшектер мен көлік құралдарының жабдықтары;
- компьютерлік деректер базасы.
Сақтандыру жағдайы
Келісімшарт бойынша Қазақстан Республикасының соты шығарған және күшіне енген сот актісінің негізінде мүлікке меншік құқығынан айырылу (құқығының тоқтауы) тәуекелі сақтандырылады.
Сақтандыру келісімшартында көрсетілген мүлікке меншік құқығынан айырылу – осы Қағидаға сәйкес төменде көрсетілген шарттарды бірдей сақтаған кезде сақтандыру жағдайы болып саналады:
- Сақтанушы мүлікті адал ниетті сатып алушы болып табылады;
- мүлікке меншік құқығынан айырылу (құқығының тоқтауы) – Қазақстан Республикасының соты шығарған және күшіне енген сот актісінің негізінде орын алды;
- сот актісін Қазақстан Республикасының соты талапкердің талап-арызын сақтанушының мойындауының, медиативтік (бітімгерлік) келісім жасаудың немесе дауды бейбіт жолмен реттеудің басқа жосықтарын жүргізудің негізінде шығарылмаған;
- Сақтанушының меншік құқығынан айырылу (құқығының тоқтауы) және мүлікке меншік құқығы жаңа иесіне көшуі мемлекеттік органдарда тіркелген немесе осы фактіні растайтын Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерімен көзделген басқа міндетті жосықтар жүргізілген (нақты әрекеттер жасалған).
Сақтандыру тәуекелдерінің (сақтандыру жағдайларының) нақты тізімі тараптардың келісімімен Сақтандыру келісімшартында көрсетіледі.
Сақтандыру сомасы және сақтандыру сыйлықақысы
Сақтандыру сомасы Сақтандыру келісімшартында көрсетіледі және келесідей мөлшерде белгіленуі мүмкін:
- Келісімшарт жасаған күнгі мүліктің сақтандыру құны мөлшерінде;
- Келісімшарт жасаған күнгі мүліктің сақтандыру құнынан төмен мөлшерде.
Сақтандыру сомасы Келісімшартты жасаған күні мүлік орналасқан жерде сақтандыру шарасы жүргізіліп жатқан мүлікке қатысты мүліктің сақтандыру құнынан (нақты құнынан) аспауы тиіс. Егер Сақтандыру келісімшарты бойынша сақтандыру сомасы Сақтандыру келісімшартын жасаған күнгі мүліктің сақтандыру құнынан аз болса, басталған сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру төлемінің мөлшері сақтандыру сомасының мүліктің сақтандыру құнына қатынасына жататын сәйкестікпен белгіленеді. Сақтандыру сомасының мүліктің сақтандыру құнына сәйкестігі бүкіл Келісімшарт бойынша немесе жекелеген мүлік бойынша белгіленеді.
Ерікті титулдық сақтандыру бойынша тарифтік мөлшерлемелер
№ | Тәуекелдер | Пайыздық қатынасы | Тәуекелді есепке алғандағы минималды тариф | Тәуекелді есепке алғандағы максималды тариф | Тәуекелді есепке алғандағы базалық тариф |
1 | мәмілені 14 жасқа толмаған, кәмелетке толмаған адам әке-шешесінің (асырап алушылардың) немесе қамқоршылардың келісімінсіз жасауы, ол заң бойынша өзі дербес жасауға құқылы мәмілелерді қоспағанда | 15,0% | 0,003 | 1,03 | 0,02 |
2 | мәмілені рухани ауруы бар немесе ақыл-есі кемдіктің салдарынан қолынан іс келмейтін деп танылған адамның жасауы | 15,0% | 0,003 | 1,03 | 0,02 |
3 | сот жұмысқа қабілеттілігін шектеген адамның мәміле жасауы | 15,0% | 0,003 | 1,03 | 0,02 |
4 | мәміле жасау үшін өкілеттігі жеткіліксіз адамның мәміле жасауы | 15,0% | 0,003 | 1,03 | 0,02 |
5 | сенімхат берген адам қайтыс болғаннан кейін сенімхат бойынша мүлікті сатуы қолынан іс келмейтін, әрекет ету қабілеттілігі шектеулі, немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған адамның мүлікті сатуы | 15,0% | 0,003 | 1,03 | 0,02 |
6 | заңды тұлға мәмілені қызметіне қайшы, Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе құрылтай құжаттарымен шектелген мақсатта, немесе оның органының жарғылық құзыреттілігін бұзу арқылы жасауы | 15,0% | 0,003 | 1,03 | 0,02 |
7 | Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген мүлікке меншік құқығынан айырылудың басқа негіздері бойынша | 10,0% | 0,002 | 0,68 | 0,01 |
Барлығы | Толық топтама | 100,0% | 0,023 | 6,85 | 0,12 |