Мүліктік сақтандыру

Әуе көлігі иелерін АҚЖ сақтандыру

Сақтандырудың бұл түрі әуе кемесін пайдалануға байланысты өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірілген үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғауға бағытталған.

Әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру Сақтанушының әуе кемесін пайдалану нәтижесінде үшінші тұлғалардың (Пайда алушылардың) өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіру салдарынан үшінші тұлғаларға (Пайда алушыларға) сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейді.

Виды страхования

Сақтандыру тәуекелдері

Авиациялық оқиға немесе инцидент салдарынан жеке немесе заңды тұлғаларға зиян келтіру.

Сақтандыру сыйақысы

Сақтандыру сыйақысының мөлшері сақтандыру сомасының және тарифтік мөлшерлеменің мөлшеріне қарай айқындалады. Сақтандыру сыйақысының мөлшерлемелері сақтандыру оқиғасының туындау тәуекелінің дәрежесіне (әуе кемесінің жылы, оның жай-күйі, ұстау және пайдалану шарттары және т.б.) әсер ететін факторларға байланысты саралануы мүмкін.

САҚТАНДЫРУ ТӘУЕКЕЛДЕРІ

  1. Жолаушылардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру;
  2. Жүкке зиян келтіру;

Үшінші тұлғаларға келтірілген зиян.

Франшиза

Сақтандыру шартында франшиза көзделеді, оның түрі мен мөлшері Тараптардың келісімімен айқындалады және сақтандыру сомасының пайызында не абсолютті мөлшерде белгіленеді.

Сақтандыру тарифтері бойынша мөлшерлеме

//