Мүліктік сақтандыру

Әуе көлігін сақтандыру

Сақтандыру объектісі

Сақтандыру келісімшартында келісілген сақтандыру жағдайының нәтижесінде көліктің бүлінуінің, жоғалуының, қайтпауының немесе жойылуының (ұрлап айдап әкету, ұрлану) салдарынан  Сақтанушының әуе көлігіне (бұдан әрі мәтін бойынша – көлік) иелік етуге, оны пайдалануға, өкім жүргізуге байланысты мүліктік мүддесі – сақтандыру объекті болып табылады.

Сақтандыруға келесілер қабылданады:

  1. әуе көлігін мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы туралы сертификаты (куәлігі) және соларды ауыстыратын құжаттары бар әуе кемелері (азаматтық, мемлекеттік және эксперименталдық авиацияның);
  2. әуе кемесіне орнатылған және лайықты түрде рәсімделген құжаттары бар (паспорт, формуляр және т.б.) әуе кемелерінің жекелеген агрегаттары.
Виды страхования

Сақтандыру мәні

Сақтанушыға иелік ету, пайдалану, өкім жүргізу құқығында тиесілі әуе көлігін сақтандыру – сақтандыру мәні болып табылады. Сақтандыру келісімшартында екі емесе одан көп әуе көлігін сақтандыру қарастырылуы мүмкін.

Сақтандыру жағдайы

Осы Қағидада айтылған және Келісімшартта қарастырылған оқиғалардың нәтижесінде әуе көлігінің бұзылуы, жойылуы немесе жоғалуы – сақтандыру жағдайы болып танылады, атап айтқанда:  

  1. ұшатын әуежайда ұшу шарасын орындау үшін қозғалтқышты қосқан сәттен бастап баратын әуежайда (транзиттік әуежайда) қозғалтқышты өшірген сәтке дейін орын алған авиациялық оқиға немесе инцидент;
  2. әуе кемесі тұрақта тұрған уақытта орын алған дүлей апаттар;
  3. әуе кемесі тұрақта тұрған уақытта орын алған үшінші тұлғалардың заңға қайшы әрекеттері, атап айтқанда қасақана немесе абайсызда бөтен мүлікті ұрлау, қарақшылық жасау, тонау, жою немесе зақым келтіру.

Сақтандыру келісімшартында қарастырылған оқиғаларының нәтижесінде  апаттық қалпына келтіру үшін жөндеу жұмыстарын жүргізу талап етілген конструкциясының бүтіндігінің бұзылы немесе бөлшектерінің (агрегаттарының) бұзылуы, – осы Қағидада әуе кемесінің бұзылуы деп қабылданады.

Төмендегі жағдайда әуе кемесінің толығымен жойылуы – әуе кемесінің жойылуы (толығымен жоқ болуы) деп түсініледі:                                                    

  1. оның ешбір агрегаты кейіннен өзінің тікелей мақсатта пайдалануына келмейді;
  2. әуе көлігіне қатысты әуе кемесін қалпына келтіру үшін техникалық мүмкіндігі жоқ немесе экономикалық тұрғыдан тиімсіздік белгіленген (әуе кемесін жөндеуге кететін шығыстары – сақтандыру жағдайы басталған күні оның өзіндік құнының 90%-ынан асады), сонымен қатар әуе көлігін тікелей мақсатта пайдалану мүмкіндігі жоқ.  

Әуе көлігінен айырылу/оны жоғалту деп келесілер түсініледі:

  1. Сақтандыру келісімшартының қолданыс кезеңінде әуе кемесін жоспарлы ұшу шарасынан кейін жоғалту, тағайындалған ұшып бару нүктесіне бармаған және оны 60 (алпыс) тәулік ішінде іздеу шарасы нәтижесіз болды, немесе оны іздеу шаралары сол мерзімнен бұрын тоқтатылды;
  2. сол кемені эвакуациялау үшін қиын және жарамсыз жерге мәжбүрлі қонуының салдарынан әуе кемесін жоғалту;
  3. әуе кемесін ұрлаудың, қарақшылық жасаудың, тонаудың нәтижесінде әуе кемесін жоғалту.  

Осы Қағидада қолданылатын дүлей апаттарға келесілер жатады:

1) Жер сілкінісі, жерасты оттың ықпалы;

  • сел, көшкін, жердің шөгуі (отыруы), таудың құлауы, тас көшкіні;
  • дауыл, құйын және атмосферада орын алған табиғи үдерістерден туындаған әуе массасының басқа да әрекеттері;
  • су тасқыны, су басу, цунами;
  • сол елді-мекен үшін жерасты суларының ерекше қозғалысы;
  • бұршақ немесе жаңбыр, егер олар аса қауіпті сипатта болса және сол елді-мекен үшін ерекше болып саналса;
  • Сақтандыру келісімшартында қарастырылған басқа да дүлей апаттар.

Сақтандыру сомасы және сақтандыру сыйлықақысы

Сақтандыру сомасының мөлшері Сақтандыру келісімшартында Тараптардың келісімі бойынша белгіленеді, бірақ Сақтандыру келісімшартын жасау сәтіндегі әуе көлігінің шынайы құнынан аспауы тиіс. Қосымша тәуекелдерді сақтандыру кезінде сақтандыру сомасы Тараптардың келісімімен белгіленеді және Сақтандыру келісімшартында әр тәуекел бойынша бөлек көрсетіледі.

Толық сомаға сақтандырылған кезде әуе кемесі сақтандыруға келесідей шарттармен қабылданады:

  1. кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің деректері бойынша баланстық құнына (тозуын ескере отырып) қарай;
  2. жүкқұжаттық шығыстарын ескере отырып, сатып алған бағасына қарай;
  3. Сақтандыру келісімшартын жасаған сәттегі әуе кемесінің орташа нарықтық құнының бағасы бойынша.

Сақтандыру келісімшарты бойынша төленуі тиіс сақтандыру сыйлықақысының мөлшері – сақтандыру объектін және сақтандыру тәуекелінің сипатын есепке ала отырып сақтандыру сомасынан ұсталатын сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін белгілейтін сақтандыру тарифтеріне сәйкес есептеледі.

ӘУЕ КЕМЕЛЕРІНІҢ СЫНЫПТАРЫ

  1. I сыныптағы ұшақтар — 75 т және одан көп;
  2. II сыныптағы ұшақтар  — 30-75 т;
  3. III сыныптағы ұшақтар  — 10-30 т;
  4. IV сыныптағы ұшақтар  — 10 т-ға дейін.

ӘУЕ КЕМЕЛЕРІНІҢ САНАТТАРЫ

  1. I санат – 1-3 сыныпты әуе кемелері;
  2. II санат – 4 сыныпты әуе кемелері;
  3. III санат – тікұшақтар.
Әуе көлігін сақтандыру бойынша базалық тарифтік мөлшерлемелер кестесі

Р.№

Тәуекелдер

Пайыздық қатынасы

Базалық тарифтік мөлшерлеме (%)

1

Авиациалық оқиға, инцидент немесе кез-келген сыныптандырылған оқиға

40,00%

0,9642

2

Өрт, дүлей апат

30,00%

0,7231

3

Үшінші тұлғалардың заңға қайшы әрекеттері

30,00%

0,7231

Толық топтама

100,0

2,4105

Әуе көлігін сақтандыру бойынша минималды және максималды тарифтік мөлшерлемелер кестесі

Р.№

Сақтандыру тәуекелдерінің атауы

Пайыздық қатынасы

І-санат

ІІ-санат

ІІІ-санат

Минималды тарифтік мөлшерлеме (%)

Максималды тарифтік мөлшерлеме (%)

Минималды тарифтік мөлшерлеме (%)

Максималды тарифтік мөлшерлеме (%)

Минималды тарифтік мөлшерлеме (%)

Максималды тарифтік мөлшерлеме (%)

Авиациялық оқиға, инцидент немесе кез-келген сыныптандырылған оқиға

40,00%

0,0036

2,2804

0,0040

2,5338

0,0052

3,2940

Өрт, дүлей апат

30,00%

0,0027

1,7103

0,0030

1,9004

0,0039

2,4705

Үшінші тұлғалардың заңға қайшы әрекеттері

30,00%

0,0027

1,7103

0,0030

1,9004

0,0039

2,4705

Толық топтама

100,0%

0,0091

5,7011

0,0101

6,3345

0,0131

8,2349

Сақтандыру тарифтері бойынша мөлшерлеме