Мүліктік сақтандыру
Заң кеңесшілері мен адвокаттардың
азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру
Сақтандыру объектісі
Сақтанушының (сақтандырылған тұлғаның) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте өзінің кәсіби қызметін жүзеге асыру нәтижесінде келісімшартқа сәйкес заңи көмек көрсететін үшінші тұлғаларға келген зиянды өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүддесі — сақтандыру нысаны болып табылады. Сақтанушы сонымен қызмет көрсету туралы келісімшарт (өзарашарт) жасаған және соның пайдасына сақтандыру келісімшарты жасалған жеке немесе заңды тұлға-заңи қызметтерді тұтынушы — пайда алушы болып табылады.
Осы Бағдарламаға сәйкес жасалған сақтандыру келісімшарты бойынша сақтанушы келісімшартта белгіленген мөлшерде, тәртіпте және мерзімдерде сақтандыру сыйлықақысын төлеуге, ал сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушыға сақтандыру келісімшартында көрсетілген сақтандыру сомасының көлемінде сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді.
Сақтанушының кез келген заңға қайшы мүдделері сақтандыруға жатпайды.
САҚТАНДЫРУ СОМАСЫ, ФРАНШИЗА
Сақтандыру келісімшарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшері — сақтандыру шарттарымен айқындалады және республикалық маңызы бар қала, Астана аумағында қызмет атқаратын сақтанушылар үшін сақтандыру келісімшартын жасаған күнге — кемінде мың еселік, ал басқа сақтанушылар үшін — кемінде бес жүз еселік тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткішті құруы тиіс. Бұл орайда нақты бір сақтандыру жағдайы бойынша сақтандырушының жауапкершілік лимиті белгіленуі мүмкін, бірақ ол сақтандыру сомасының 20,0%-нан аспауы тиіс.
Сақтандыру келісімшартында жалпы сақтандыру сомасының кемінде 10,0%-ы (он пайызы) мөлшерінде шартсыз франшиза белгіленеді.
САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫ
Сақтандыру келісімшарты бойынша төленуі тиіс сақтандыру сыйлықақысының мөлшері тараптардың келісімімен белгіленеді және жалпы сақтандыру сомасынан ұсталатын сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін айқындайтын сақтандыру тарифтеріне сәйкес есептеледі.
Заң кеңесшілері мен адвокаттардың кәсіби жауапкершілігін ерікті сақтандыру бойынша сақтандыру тарифінің мөлшері — сақтандыру сомасының 1,50%-нан 2,00%-на дейін құрайды.
Сақтандыру сыйлықақысы тараптар немесе олардың уәкілетті өкілдері сақтандыру келісімшартына қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде біржолғы төлеммен немесе сақтандырушының кассасына қолма-қол ақшамен төленеді.
САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІ
Бұл Бағдарлама бойынша сақтандыру жағдайы деп сақтандырылған тұлға заңи немесе адвокаттық көмек көрсету барысында кәсіби қателік жасаған жағдайда келісімшартқа сәйкес заңи көмек көрсетілетін үшінші тұлғалардың мүліктік мүддесіне келген зиянды өтеу бойынша Сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігі танылады.
Төменде көрсетілген жағдаяттарда оқиға сақтандыру жағдайы деп танылады:
- оқиға сақтандыру келісімшартының қолданыс кезеңінде басталса;
- оқиға сақтандыру келісімшартында көрсетілген аумақта орын алса;
- зиян келтірудің тікелей себеп-салдарлық байланысы болса және сақтандыру келісімшартына сәйкес сол оқиға бойынша залал өтелуі тиіс болса;
- сақтанушының әрекеттерінде өрескел абайсыздық белгілері болмаса. Сақтанушының лауазымдық нұсқаулық талаптарын, заңи қызметті жүзеге асырудың тәртібі мен шарттарын айқындайтын ережелерді және басқа да нормативтік актілерді бұзуы, сондай-ақ жұмыскердің расталған кәсіби білімі мен тәжірибесі, сонымен қатар қажет жағдайда тиісті рұқсатнамасы болмаса да қызмет атқаруы — өрескел абайсыздық деп танылады;
- алдын ала сақтандырушыға жазбаша хабарлап, сақтанушы пайда алушының мүліктік зиянды ерікті түрде өтеу туралы талабын ерікті түрде қанағаттандыруы;
- сот шешімі заңды күшіне енген кезде.
Кәсіби қателіктер деп келесілер түсініледі:
- процессуалдық мерзімдерді өткізіп алу;
- құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген рәсімдеу талаптарын бұзып рәсімдеу;
- келісімшартқа сәйкес заңи немесе адвокаттық қызмет көрсетілетін тұлғаға оған зиян келтірген заңи іс-әрекеттердің салдары туралы хабарламау;
- Сақтанушының (Сақтандырылған тұлғаның) заңи немесе адвокаттық қызмет көрсету үшін клиенттен алған құжаттарды жоғалтуы немесе бүлдіруі;
- заңдық немесе адвокаттық құпия құрайтын мәліметтерді заңсыз жариялау.