Қаржылық сақтандыру

Өзге қаржы шығындарынан ерікті сақтандыру

өзге қаржы шығындарынан ерікті сақтандыру табысын жоғалтудың, қолайсыз табиғат құбылыстарының, үздіксіз, күтілмеген шығындардың, нарықтық құнын жоғалтудың, Сақтанушының контрагентінің келісімшарттағы міндеттемелерін орындамауының (лайықты орындамауының) салдарынан және қаржылық-шаруашылық қызметін жүзеге асырудың нәтижесінде орын алған басқа залалдардың салдарынан Сақтанушыға сақтандыру төлемдерін төлеуді қарастырады.

Виды страхования

Сақтандыру тәуекелдері

Қаржылық-шаруашылық қызметін жүзеге асыру кезінде төменде көрсетілген оқиғалардың (бір немесе бірнеше оқиға жиынтығының) нәтижесінде Сақтанушының қаржылық шығындарының пайда болуы:

1) Төменде көрсетілген жағдайлардың салдарынан өндірістік үдерістің амалсыз тоқтауы себебінен Сақтанушының табысын жоғалтуы немесе оның көлемінің қысқаруы:

  • мүліктің жоғалуы (жойылуы) немесе бұзылуы;
  • техногендік сипаттағы апаттар;
  • төтенше және еңсерілмейтін жағдайлар;
  • қолайсыз табиғат құбылыстары:
  • жер сілкінісі;
  • қатты жел, боран, дауыл, құйың;
  • су тасқыны;
  • цунами;
  • сел.

2) үздіксіз шығындар:

  • егер жалға алу, жалдау келісімшартының шарттары бойынша немесе соларға ұқсас келісімшарттар бойынша жал ақыларын жалға алынған мүліктің бұзылу фактіне қарамай жалға алушы төлеуі тиіс болса, Сақтанушы қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесінде табыс алу мақсатында жалға алған үй-жайларды, жабдықты немесе өзге мүлікті жалға алғаны үшін төлем;
  • қаржылық-шаруашылық қызметінің айналымына және нәтижелеріне қарамай төленуі тиіс салықтар мен алымдар (мүлік салығы, жер салығы және т.б.);
  • кредиттер немесе өзге қаражаттар бойынша пайыздар, егер ол қаражаттар сақтандыру жағдайы басталғанға дейін қызметтінің сақтандыру жағдайының салдарынан тоқтап қалған сол саласын қаржыландыру үшін тартылған болса;

3) күтілмеген шығындар — өндірістік үдеріс амалсыз тоқтаған немесе оның көлемі қысқарған кезеңде Сақтанушының қаржылық-шаруашылық қызметін қалпына келтіру бойынша шығындары, атап айтқанда Сақтанушы тоқтатылған қызметін қысқа мерзімде залалдар басталудан бұрын болған көлемде қалпына келтіру үшін көрген шығындар;

4) төменде көрсетілген жағдайлардың салдарынан мүліктің нарықтық құнын жоғалту:

  • нарық конъюнктурасының өзгеруі;
  • бұзылған мүлікті жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары;

5) төменде көрсетілген жағдайлардың салдарынан Контрагенттің Азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауы немесе лайықты орындамауы:

  • өрт, жарылыс, апат (бұл оқиғалар сақтандыру жағдайымен себеп-салдар байланысында болуы тиіс);
  • еңсерілмейтін күштер жағдайы;
  • Контрагенттің дәрменсіздігі, жойылуы;
  • жүзеге асырылған факті сот тәртібінде белгіленген болуы тиіс үшінші тұлғалардың заңға қайшы әрекеттері (ұрлық, тонау, қарақшылық, бұзақылық).

Сақтандыру сыйлықақысы

Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері сақтандыру сомасының және тарифтік мөлшерлеменің мөлшерлеріне қарай белгіленеді.

Өзге қаржы шығындарынан ерікті сақтандырған жағдайда тарифтік мөлшерлемелер

Тәуекел тобының (түрінің) атауыБазалық
тарифтікмөлшерлеме,%
Ең төмен тарифтікмөлшерлеме,%Ең жоғары тарифтікмөлшерлеме,%
Қаржылық-шаруашылық қызметі нәтижесіндегі залалдар3,562,8717,8
Табысын жоғалту0.640.523.2
Қолайсыз табиғат құбылыстары0.460.372.3
Үздіксіз шығындар0.360.291.8
Күтілмеген шығындар0.460.372.3
Мүліктің нарықтық құнын жоғалтуы0.530.432.65
Контрагенттің өз міндеттемелерін орындамауы немесе лайықты орындамауы0.610.493.05
Қаржылық-шаруашылық қызметі нәтижесіндегі өзге залалдар0.500.402.5

Тарифтік мөлшерлеменің (үстемеақының) артуына әсер ететін факторлар

ФакторларТарифтің немесе тарифтің кейбір құрамдас бөліктерінің артуы,%
Шығындардың кері статистикасы100%-ға дейін
Сақтанушының қызметінің түрі200%-ға дейін
Елдің экономикасының, ғаламдық дағдарыстың жалпы экономикалық құлдырау кезеңінде сақтандыру200%-ға дейін
Сақтанушының соңғы үш жыл ішіндегі тиімсіз қызметі100%-ға дейін
Салалық тәуекелдердің болуы100%-ға дейін
Тәуекел-менеджменті жүйесінің болмауы50%-ға дейін
Сақтандыру аумағының кеңеюі50%-ға дейін

Бұл ретте, жалпы тарифтік мөлшерлеме тек 500%-ға ғана артуы мүмкін.

Франшиза

Сақтандыру келісімшартымен франшиза қарастырылады. Франшизаның түрі мен мөлшері Тараптардың келісімімен белгіленеді және не сақтандыру сомасының пайызымен, не болмаса абсолютті мөлшерде белгіленеді.

Сақтандыру тарифтері бойынша мөлшерлеме