Қазақстан міндетті медициналық сақтандыруды енгізбейді

Қазақстан жақын арада міндетті медициналық сақтандыруды енгізбейді. Бұл жайында 25 қыркүйекте парламент мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің отырысында денсаулық сақтандыру вице-министрі Аида Курмангалиева баяндады. Оның сөзіне қарағанда Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі міндетті медициналық сақтандыруды енгізуге әлі дайын емес. Кәрім Мәсімовтың төрағалығындағы комиссия мүшелері осындай қорытындыға келген. «Әңгіме Бүкіләлемдік банк өкілдерінің және Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін білетін өкілдердің қатысуымен өтті. Жақын арада Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу орынсыз деген пікір бар. Одан да ерікті медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру орынды», — деді Аида Курмангалиева.

Related Posts
Leave a Reply

Your email address will not be published.Required fields are marked *