Қазақстан ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің ортақ сақтандыру нарығын құру туралы хаттаманы бекітті

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев (2012 жылдың 17 қазанындағы № 40) «Еуроазиялық экономикалық қауымдастыққа мүше мемлекеттердің ортақ сақтандыру нарығын құру туралы хаттаманы бекіту туралы» заңына қол қойды —деп хабарлады елбасының баспасөз қызметі. Хаттама 2009 жылдың 27 қарашасында Минскіде жасалған. Хаттаманың мақсаты Ресеймен, Қырғызстанмен, Белорусьпен және Тәжікстанмен ортақ нарық құру, ЕурАзЭҚ шеңберінде ортақ сақтандыру нарығының қатысушыларының құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша шаралар әзірлеу және қабылдау. Тараптар өздерінің сақтандыру қызметін реттейтін ұлттық заңнамаларын үйлестіруге, ортақ сақтандыру нарығының құқықтары мен мүдделерін сақтандыру тұрғысынан қорғаудың ортақ жүйесін құруға, сондай-ақ сақтандыру нарығын реттеу және сақтандыру қызметін қадағалау саласындағы тараптар жүргізіп жатқан мемлекеттік саясатқа бірыңғай талаптарды әзірлеуге бағытталған міндеттер кешенін іске асырады. Аталған құжатқа сәйкес тараптар сақтандыру қызметін реттейтін өздерінің ұлттық заңнамаларының ережелерін халықаралық стандарттардың сақтандыруды қадағалау тәжірибесінің талаптарына сәйкестендіреді, сондай-ақ 2003 жылдың 27 сәуіріндегі ЕурАзЭҚ шеңберінде сақтандыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес өз әрекеттерін үйлестіреді. Оның ішінде —бір елдің аумағында орналасқан және екінші тараптардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары құрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін қадағалау бойынша ортақ әрекеттер арқылы үйлестіреді. Құжаттың ережелері: сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына лицензия берудің жалпы қағидаттарын, көлік құралдары иелерінің азаматтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың жалпы тәсілдерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының жарғылық капиталын құру тәртібіне қойылатын бірыңғай талаптарды, сақтандыру резервтерін құру, сақтандыру түрлерін (сыныптарын) сыныптандыру, сақтандыру қызметтерін пайдаланушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау тәртібіне қойылатын бірыңғай талаптарды белгілейді.

Related Posts
Leave a Reply

Your email address will not be published.Required fields are marked *