Экологиялық сақтандыру

Экологиялық сақтандыру (Экологическое страхование)

МЭС

Міндетті экологиялық сақтандыру «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Мiндеттi экологиялық сақтандыру объектiсi – шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын тұлғаның Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгiленген авария салдарынан келтiрiлген қоршаған ортаға зиянды жою жөнiндегi мiндеттемелерiне байланысты мүлiктiк мүддесi.

Міндетті экологиялық сақтандыру шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігіне жатады.

Міндетті экологиялық сақтандыру шарты мынадай жағдайларда бұзылды деп есептеледі:

  1. шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы;
  2. шартты мерзімінен бұрын бұзу;
  3. сақтандырушы мiндеттi экологиялық сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы мөлшерiнде сақтандыру төлемiн (сақтандыру төлемдерiн) жүзеге асырады.

Онлайн-калькулятор

Экологиялық сақтандыру (Экологическое страхование)

Сақтандыру сыйлықақысының құнын есептеп, бірнеше минут ішінде өтініш жіберіңіз

Сақтандыру тәуекелдері

Міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша сақтанушының жазатайым оқиға нәтижесінде келтірілген экологиялық залалды жою (түзету) бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің туындауы сақтандыру жағдайы деп танылады.

Сақтандыру сомасы

Сақтандыру сомасының мөлшері тараптардың келісімімен міндетті сақтандыру келісімшартында белгіленеді, алайда бұл ретте сақтандыру сомасы келесі мөлшерден кем болмауы тиіс:

жеке кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғамен міндетті сақтандыру келісімшартын жасаған күнгі тиісті қаржылық жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 5 000 еселік мөлшерінде;

заңды тұлғамен міндетті сақтандыру келісімшартын жасаған күнгі тиісті қаржылық жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 65 000 еселік мөлшерінде.

Сақтандыру сыйлықақысы

Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес тараптардың келісімімен, бірақ сақтандыру сыйлықақысының мөлшері сақтандыру сомасына қарай белгіленеді:

Р.№

Экологиялық қауіпті объект

Минималды сақтандыру сомасы (АЕК)

Сақтандыру тарифі (%)

1

Жеке кәсіпкер болып табылатын жеке тұлға

5 000

0,76 – 2,62

2

Заңды тұлға

65 000

0,76 – 2,62

Экологиялық сақтандыру (Экологическое страхование)

Сақтандыру мерзімі – Сақтандыру келісімшарты 12 айға жасалады және алғашқы басталған сақтандыру жағдайы бойынша өз қолданысын тоқтатпайды.

Сақтандыру төлемдерін жәбірленушінің (Пайда алушының) талабының сомасына немесе келген зиянды өтеу туралы күшіне енген сот шешіміне қарай Сақтандырушы белгілейді.

Сақтандырушы сақтандыру төлемін барлық қажет құжаттарды алған күннен бастап 30 күн ішінде төлейді.