Нотариустарды сақтандыру

Нотариустарды сақтандыру (Страхование частных нотариусов)

АҚЖМС

Жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (АҚЖМС) «Жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Жеке нотариустардың нотариалдық іс-әрекеттерді жасау нәтижесінде үшінші тұлғаларға келген зиянды өтеу бойынша міндетіне байланысты мүліктік мүддесі – жеке нотариустардың АҚЖМС нысаны болып табылады.  жеке нотариус аталған іс-әрекеттерді жасау үшін Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасына сәйкес жеке нотариустың жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы келісімшарт жасауға міндетті.  Жеке нотариустың жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімшартын жасамайынша жеке нотариус нотариалдық қызмет көрсету бойынша қызмет атқаруға құқылы емес. 

Онлайн-калькулятор

Нотариустарды сақтандыру (Страхование частных нотариусов)

Сақтандыру сыйлықақысының құнын есептеп, бірнеше минут ішінде өтініш жіберіңіз

Сақтандыру жағдайы

Жеке нотариустың нотариалдық іс-әрекеттерді жасауының нәтижесінде үшінші тұлғалардың мүліктік мүддесіне келген зиянды өтеу бойынша сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу факті – жеке нотариустың жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімшарты бойынша сақтандыру жағдайы деп танылады.

Жеке нотариустардың АҚЖМС келісімшарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшері сол келісімшарттың шарттарымен белгіленеді және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында қызмет атқаратын нотариустар үшін – кемінде 1 000 АЕК, басқа нотариустар үшін – кемінде 500 АЕК мөлшерін құрайды.

Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері тараптардың келісімі бойынша белгіленеді, бірақ жеке нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімшартының шарттарымен белгіленген сақтандыру сомасының 4,5 пайызынан аспауы тиіс.

Франшиза

Әр сақтандыру жағдайы бойынша франшиза мөлшері тараптардың келісімімен белгіленеді, бірақ жеке нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімшартының шарттарымен белгіленген сақтандыру сомасының бес пайызынан аспауы тиіс.

Келген зиянның мөлшері белгіленген франшиза мөлшерінен асқан жағдайда сақтандыру төлемі толық мөлшерде төленеді.

Сақтандыру мерзімі – сақтандыру келісімшарты күшіне енген күннен бастап 12 ай.

Сақтандырушы сақтандыру төлемдерін үшінші тұлғалардың талаптарының сомасына немесе келген зиянды өтеу туралы заңды күшіне енген сот шешіміне қарай белгіленеді. Сақтандырушы сақтандыру төлемдерін барлық қажетті құжаттарды алған күннен бастап 7 жұмыс күнінен кешіктірмей төлейді.