СК Виктория

«Виктория» Сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамы

«Виктория» Сақтандыру компаниясы Қазақстанда 1993 жылдан бері халыққа сақтандыру қызметтерін ұсынып келеді. Компанияның ағымдағы лицензиясы ерікті сақтандырудың 17 түрі бойынша және міндетті сақтандырудың 5 түрі бойынша сақтандыру және қайта сақтандыру қызметін атқаруға құқық береді. «Виктория» СК мүліктік сақтандыру компаниялар (non-life) санатына жатады. «Виктория» Сақтандыру компаниясы» АҚ «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның лизинг алушыларының (сақтандырушыларының) мүліктік мүддесін сақтандыру бойынша пулға қатысушы болып табылады.

Құндылықтар

Сенімділік: «Виктория» Сақтандыру компаниясы сақтандыру саласында 1993 жылдан бері жұмыс атқарып келеді. Өз қызметін атқару барысында компания сақтандыру нарығында динамикалық өсуді қамтамасыз етті және өз жайғасымын нығайтты. Бұл компания Қазақстан Республикасы заңнамаларының қаржылық тұрақтылық, бағдарламалық, ақпараттық-техникалық қамтамасыз етуге қатысты барлық талаптарына сай келеді.

Сапа: «Виктория» Сақтандыру компаниясында енгізілген ISO 9001:2016 халықаралық стандартына сәйкестіктің сапа менеджментінің жүйесі сақтанушыларға қызмет көрсету сапасының жоғары деңгейін көрсетеді және оны тұрақты ұстап тұруға септігін тигізеді.

Алға басушылық: Ұсынып жатқан қызметтердің сапасын арттыру және оларды белсенді түрде көрсету үшін «Виктория» СК» АҚ өзінің бағдарламалық-техникалық кешенін тұрақты түрде жаңартып отырады. Бірегей тарихи тәжірибеге ие Компания Қазақстанның жалпы сақтандыру жүйесін дамытуда белсенді рөл атқарып келеді.

Қол жетімділік: «Виктория» Сақтандыру компаниясының кең тараған өңірлік желісі бар, Қазақстанның барлық өңірлерінде бүкіл халыққа және заңды тұлғалардың барлық түрлеріне сақтандыру қызметін көрсетеді.

Айқындылық: «Виктория» Сақтандыру компаниясы Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі уәкілетті органға, салық органдарына тұрақты түрде қаржылық есептіліктер өткізіп отырады; жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында қаржылық есептілігін жариялайды. Компания бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен ынтымақтастық құру үшін әрқашан ашық, өз қызметінің нәтижелерін жүйелі түрде жариялап тұрады және сақтандыру нарығындағы оқиғаларға пікір білдіріп отырады.

Ашықтық: «Виктория» СК» АҚ өз сақтанушыларының қажеттіліктері мен үміттерін ақтауға талпынады: сақтандыру нарығына қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру бойынша ақпараттық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп отырады; сақтанушылардың сұрақтарына жедел жауаптар береді; сақтанушылардың сақтандыру мәселелері бойынша қиындық туғызған мәселелерін шешуде белсенділік түрде көмек көрсетеді.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қауымдастықтарына (одақтарына), бірлестіктеріне және сақтандыру брокерлеріне қатысу туралы мәліметтер

1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры – 18.10.2003 ж.

Мекен-жайы: 480091, Алматы қ., көш. Рысқұлбекова, 28, 7 квартал, «Бай Тал» тұрғын үй кешені

2. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы – 2003 жылғы 27 маусымнан бастап

Мекен-жайы: 050040, Алматы қ., көш. Байзақова, 280

Бассейндерге қатысу

  1. «Базель» СК» АҚ, «Қазақмыс» СК» АҚ, «Виктория» СК» АҚ, «Қазақстан Халық Банкінің «Халық» СК еншілес ұйымы» АҚ бірлесіп сақтандыруды (бірлескен қызметті) ұйымдастырудың жалпы шарттары туралы 20.01.2021 № 527 келісім.
  2. 31.05.2022 № 003-SP2022 СК Виктория АҚ-мен бірлескен қызмет (бірлесіп сақтандыру) туралы шарт.